Сабақ жоспары: 1. Айтылуы мақсатына қарай жай сөйлемдердің бөлінуі.
2. Сөйлем мүшелері.
3. Үйірлі анықтауыштар мен үйірлі толықтауыштар.
4. Құрылымдық типтері жағынан жай сөйлемдердің бөлінуі, олардың жасалу жолдары, бір-бірінен айырмашылықтары және ара қатынастары.
5. Жай сөйлемдердің күрделену жолдары: бірыңғай мүшелер, үйірлі мүшелер, айқындауыштар, оқшау сөздер.
6. Үйірлі мүшелердің күрделі сөздер мен жай сөйлемге ұқсастық жақтары.
7. Айқындауыштардың түрлері: қосалқы, қосарлы, оңашаланған айқындауыштар.
8. Оқшау сөздердің түрлері: 1/қаратпа сөздер; 2/қыстырма сөздер; 3/одағайлар. Олардың тыныс белгілері
Бақылау сұрақтары: 1. Айтылуы мақсатына қарай жай сөйлем қалай бөлінеді?
2. Сөйлем мүшелері дегеніміз не және сөйлем мүшесі болу үшін қандай негіздемелер болуы қажет?
3. Үйірлі анықтауыштар пен үйірлі толықтауыштардың жасалу жолдары қандай?
4. Құрылымдық типтері жағынпан жай сөйлемдердің бөлінуі, олардың жасалу жолдары, бір-бірінен айырмашылықтары және ара қатынастары неде?
5. Жай сөйлемдердің күрделену жолдарына не жатады?
6. Үйірлі мүшелердің күрделі сөздер мен жай сөйлемге ұқсастық жақтары қандай?
7. Айқындауыштардың түрлері қандай және олардың өзіндік ерекшеліктері неде?
8. Оқшау сөздердің түрлері және олардың тыныс белгілерінің қойылу жолдары қандай?
ГЛОССАРИЙ Сөйлемдер коммуникативтік мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып бөлінуі.
Сөйлемді предикативтік бас мүшелердің қатысына қарай: бір негізді, екі негізді және сөз-сөйлем деп бөлуде сөйлем құрамындағы тұрлаулы мүшелердің қатысы негізінде алынады.
Субъекті –жақтың қатысына қарай жай сөйлем: жақты және жақсыз болып бөлінеді.
Номинативті сөйлемдеройдың құрылысымен, мазмұнымен тығыз байланысты.
Сөйлем мүшелері – құрылымдық-семантикалық жағынан сөйлемнің дербес бөлшектерін құрайтын толық мағыналы сөздер мен сөз тіркестері.