Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Көркем әдебиет және эпикалық сарын
|
Мектеп: №13 мектеп-гимназия
|
Күні:11.11.2022ж
|
Мұғалімнің аты-жөні: Туржупарова Г.
|
Сынып: 8 «ә»
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» толғауының берер тәрбиесі және қоғам
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
8.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын
дәлелдеу үшін орынды қолдану
|
Сабақтың мақсаттары
|
көркем шығармалардан алған үзінділерге өз көзқарасын білдіреді,
оны дәлелдеу үшін орынды қолданады
|
Бағалау критерийлері
|
Білім алушы
көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу
үшін орынды қолданады
|
Жоспар
|
Сабақ кезеңдері
|
Педагогтің іс әрекеті
|
Оқушының іс әрекеті
|
Бағалау
|
ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Өткен тақырыпты пысықтау «Өрмекші торы» әдісі арқылы өткен тақырыпты еске түсіреді
|
Мұрат Мөңкеұлы өмірбаянынан деректер айтады. Оқушылар тоқыма жіпті бір-біріне лақтыру арқылы өрмек торын құрады, әр лақтырған сайын сұрақтар қояды.
|
мадақтау
|
Тоқыма жіп
|
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
Үйге тапсырма
|
1-тапсырма
«Соңғы сөзді аяқта» әдісі
«Бұл қоныс жеті жұрттан қалған қоныс»....
«Мәңгілік Ел» идеясы.
Оқушылар, өлеңнен қысқа тіркестер тауып, жоғары да көрсетілген тақырып аясында ойтолғауды «Мәңгілік Ел» идеясымен байланыстырып, өз көзқарастарыңды дәлелдеп жазыңдар
2-тапсырма
Шығарманың идеясын анықтаңдар. Анықтаған идеяларыңды «ПОПС» формуласы бойынша жазбаша түсіндіріңдер.
Сабақты қорытындылау
Кері байланыс
Өлеңнен үзінді жаттап келу.
|
Өлеңнен қысқа тіркестер табады;
Өз көзқарастарын дәлелдейді;
«Мәңгілік Ел» идеясымен байланыстырады;
Ойтолғау жазады;
Шығарманың идеясын анықтап, ПОПС формуласы арқылы жазбаша түсінік береді
1. «Менің ойымша, шығармадағы басты идея...
2. Мен оны былай түсіндіремін...
3. Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...
4. Мен мынадай қорытындыға келдім...
Дескриптор
-шығармадан әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді анықтайды, оны үзінділермен дәлелдейді.
-бірінші сөйлемде шығарманың идеясын анықтайды.
-екінші сөйлемде идеяны таңдау себебін түсіндіреді.
-үшінші сөйлемде идеяны нақтылауға қатысты дәлел келтіреді.
-төртінші сөйлемде идеяға қатысты өзіндік тұжырым жасайды.
«Құнды ой» әдісі
Мені қызықтырғаны.........
Бүгін біз мына нәрселерді талдадық......
Маған түсінуге оңай болды......
Түсінуге қиындық тудырды.......
Өлеңнен үзінді жаттап келеді
|
«Басбармақ» әдісі
Топтар бірін- бірі бағалайды
«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау
Мадақтау
|
Қазақ әдебиеті,
8-сынып
|