Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі


Жоспар Сабақтың жоспарланған кезеңдері



бет2/4
Дата05.05.2023
өлшемі0,6 Mb.
#90429
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Көз-оптикалық жүйе . (8 сынып)

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері:

ресурстар

Сабақтың басы
10 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі:
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Шаттық шеңбер. Есімдер аллитерациясы.
Оқушылар суреттер арқылы топқа бірігеді.
1 – топ. Лупа. (лупаның қызметін түсіндіреді)
2 – топ. Микроскоп. (микроскоптың түрлерін айтады)
3 – топ. Телескоп. (телескоптың құрлысын түсіндіру)
«Ойлан,тап!» әдісі.
Қызығушылықтарын ояту.
Жұмбақ шешу:
Өзгені көріп екеуі,
Бір – бірін көрмей кетеді. (Көз)

суреттер
жұмбақ

Сабақтың ортасы
25 минут


Білу, түсіну
оқылым,
тыңдалым,
айтылым.



«Джигсо» әдісі (топтық жұмыс)
Тапсырма: №1
Оқушылар тақырыптың негізгі идеясы мен ұғымдарын топтарда талқылайды.Топтар бір-біріне өзара түсіндіру арқылы тапсырманы орындайды.
1-топтың тапсырмасы:
Көз, көздің құрылысын түсіндіріңдер.


2-топтың тапсырмасы:
Көз бөліктерінің қызметін түсіндіріңдер.

3-топтың тапсырмасы:
Көздің көру кемшіліктері және оны түзету әдістерін түсіндіріңдер.



Дескриптор:
- көздің тіршіліктегі қызметін түсіндірді;
- көздің құрылысын сипаттайды;
- көз бөліктерінің кызметін түсіндірді;
- көздің көру кемшіліктерін айтады.
- кемшіліктерді түзету әдістерін түсіндірді;

Бағалау: қалыптастырушы бағалаудың «От шашу» әдісі шапалақ соғу арқылы бағаланады. Бағалаудың бұл әдісі балалардың сабаққа деген ынтасын көтереді.


«Ой қозғау» әдісі.


Тапсырма: №2
Сабақтың барысында мынандай сұрақтар беремін:
1. Жүріп бара жатып кітап оқу неге зиян?
2. Көзге неліктен жаттығулар жасау керек?
3. Неліктен компьютерде жұмыс істеу уақытын шектейді?
4. Көздің көру кемшіліктері дегеніміз не?
Дескриптор:
- Жүріп бара жатып кітап оқудың көзге зиян болуының себебін айта алады.
- Көзге неліктен және қандай жаттығулар жасау керек екендігіне мысалдар келтіреді
- Компьютерде жұмыс істеу уақыты шектеулі екенін біледі
- Көздің көру кемшіліктерін айта алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет