Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы


сыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіре



бет5/6
Дата08.10.2024
өлшемі153,35 Kb.
#147145
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
9-сынып Әй Абылай

сыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіре
сіз?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылық
тармен байланыс (тәрбие элементі)

Қарқын бойынша саралап, тапсырма бойынша саралауды жоспарлайды.
Жұбына көмектеседі, түсіндіру тапсырма
ларына бағыттап отырылады. Ынтасын арттыру үшін сабақтың барлық кезеңдерінде барынша қолдау көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалау «Бағдаршам»,бас бармақ,смаиликтер,
Кері байланыс «Мұғалім-оқушы» «Оқушы – оқушы» арқылы бағалауды жүзеге асырамын.

Қазақстан тарихы. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының
«Зайырлы қоғам және жоғары руханият» атты тармағын басшылыққа ала отырып тілдік құндылықтарға баулу.Техникалық қауіпсіздікті сақтау, Қазақ тілінің мәртебесін көтеру маңыздылығы жайлы ой қозғау.

Сабақ бойынша рефлексия
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізеді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз?
Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырма сәйкес болды ма?)







Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):
1.Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1.Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Әй, Абылай, Абылай,


Жеңбеген жауың қалмады-ау,
Алмаған жерің аз қалды-ау.
Бетке алсаң әсте коймадың,
Алсаң тағы тоймадың,
Несібеңді елден ойладың.
Атаңды білмес кұл едің,
Ата-тегіңді сұраса,
Арқар ұранды жат едің,
Қай жеріңде төре едің?!

Жұлдызың туды оңыңнан,


Жан біткен ерді соңыңнан.
Он сан Алаш баласын
Жусатып қойдай өргіздін,
Жұмсап жүрсің қолыңнан.
Әй, Абылай, Абылай,
Он бір ғана жасыңда,
Әшейін-ақ ұл едің.
Он бес жасқа келгенде,
Әбілмәмбет төренің
Арқада жүріп қаңғырып,
Түйесін баққан құл едің.
Абылай атың жоқ еді-ау,
"Сабалақ" атпен жүр едің.
Оны да көрген жерім бар,
Жаныс Қарабайдың қолында,
Түнде туған ұл едің.

Жиырма беске келгенде,


Бақыт қонды басыңа,
Тақыт келді астыңа.
Отызға әбден келгенде,
Кең дүниеге кенелдің.
Отыз беске келгенде,
Қара судың бетінде
Соқтығып аққан сең едің.
Қырық жасқа келгенде,
Алтын тонға жең болдың.
Қырық беске келгенде,
Жақсы-жаман демедің.
Елу жасқа келгенде,
Үш жүздің бар баласын
Бастап өзің келдің де,
Аттарының бастарын
Бір кезеңге тіредің.

Алпыс жасқа келгенде,


Жақсы болсаң толарсың,
Жаман болсаң маужырап,
Жүнжіп барып соларсың.
Алпыс беске келгенде,
Әрбір атқа қонарсың.
Жұмсасаң балаң тіл алмай,
Қатының қарсы шабар ұялмай,
Көрген күнің сор болар.
Жетпіс жасқа келгенде,
Жаңылып сөзден қаларсың.
Жетпіс толған жел екен,
Шала ауырғанмен тең екен.
Жетпіс беске келгенде,
Жылуы болмас қойныңның,
Қауқары болмас сойылыңның,
Селкілдеп тірі жүрерсің.
Қатардан шығып аулақтап,
Жан құлазып қаларсың.
Сақал-шашың желкілдеп,
Мүжіліп әбден боларсың.
Әудем жерге жүре алмай,
Біреуге жүк боларсың.

Өлмесең де жойылдың,


Ар-аттаққа қойылдың.
Сексен деген сор екен,
Шындап ұрған пір екен.
Сексен бес жасқа келгенде,
Екі қара көзіңді алар,
Аузыңдағы сөзіңді алар,
Бойыңдағы әліңді алар,
Бетіңдегі нұрыңды алар,
Тәніңдегі шырынды алар,
Саудыратып тісіңді алар,
Өлмегенде не қалар?!
Тоқсан бес деген тор екен,
Дүйім жанның қоры екен.
Қарғиын десең ұмтылып,
Екі жағың ор екен.
Найза бойы жар екен,
Түсіп кетсең түбіне
Түпсіз терең көл екен,
Елсіз жатқан шөл екен,
Келмейтұғын неме екен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет