Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы



бет1/6
Дата08.10.2024
өлшемі153,35 Kb.
#147145
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
9-сынып Әй Абылай


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
Атадан қалған асыл сөз

Мектеп: №47

Күні: 18.11.19

Мұғалімнің аты-жөні: Буханова Д.У

Сынып:9 Қазақ әдебиеті

Қатысқандар:26

Қатыспағандар:0

Сабақтың тақырыбы

Бұқар жырау «Әй, Абылай, Абылай»

Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқубағдарламасына
сілтеме)

9.Т/Ж3.Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау



Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:
Өлеңдегі кейіпкерді анықтайды

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Көркем шығарманың идеясын табады

Кейбір оқушылар орындай алады:
Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды

Бағалаукритерийі

Өлеңдегі кейіпкерді анықтайды
Көркем шығарманың идеясын табады

Тілдікмақсаттар

Оқушы орындай алады:
шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Күдері - басқа қайыс түрлеріне қарағанда ылғал, суық және ыстық сияқты әсерлерге өз қасиетін жоғалтпайтын ерекшелігіне байланысты оны көбінесе, кіреуке сауыттардың ішкі бауын жасауға пайдаланған қайыс түрі.
Кіреуке – батырлардың сауыты.
Тобыршықты әндіген – саптаяқ, бай манаптардың сусын ішетін ыдысы.
Жонсау – кең, жазық жон, дала.
Қидасын – мықты, күшті.
Қамқапты – алтындатқан, күмістеткен жіптен тығыз етіп тоқылған жібек матадан тігілген киім.
Құлаты таудың аты, ауыз әдебиетінде кездеседі.
Дабыл –барабан тектес ұрып ойналатын ұлттық аспаптың ішіндегі ең көне түрі. Дабыл шабуылға, бейбіт күндері мейрамға шақырғанда, аң аулауға шыққанда ойналған.
Атымтай жомарт – жомарттық қасиеттің символы.
Шүлеңгір мырза – жомарт адам.

Талқылауға арналған сұрақтар:
1729 жылы қалмақтар мен қазақтардың айқасы қай жерде болды? Жыраудың «Бірінші тілек тілеңіз», «Керей, қайда барасың?» деген өлеңдерінің тақырыбы не?

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының«Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» атты тармағын басшылыққа ала отырып тілдік құндылықтарға баулу арқылы іске асырылады.

Пəнаралықбайланыс

Қазақстан тарихы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет