Бағалау критерийлері: кейіпкерге баға беріп, ой тұжырымдай біледі
Т. «Фишбоун» әдісі арқылы топтар мәтіннің мағынасын анықтайды.
Жүзеге асыру қадамдары: 1-қадам: Мәтінді әр оқушыға жеке оқу.
2-қадам: Оқу үрдісінде қаңқаның басына мәтін қарастырылатын проблема белгіленеді.
3-қадам: Жоғарғы «қосымша бұтақтарында» проблеманың себебі белгіленеді, төменгі «сүйекшелерінде» оқу барысында себепті нақтылайтын дәйектер жазылады.
4-қадам:Балықтың «құйрығына» қорытынды жазылады.
5-қадам: Жұпта, топта жұмысты талқылау.
6-қадам: Топ жұмысын аудиторияда презентациялау.
Бағалау критерийлері:Өзіндік пікірін дәлелдеп,өмірмен байланыстырып талдайды
Т. «Кофе таяқшаларын» тарату арқылы әр топ сұраққа жауап береді “Жырау туындылары көңіл пернесін дөп басар әсерлілігімен, көздегінін орып түсер өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, сұлу сазды көркемдігімен, асау серпімді қуатымен ерекшеленеді”. Кімнің сөзі? Жауап: Мұхтар Мағауин
2. Қазақ әдебиеті:
Елу жасқа келгенде,
Үш жүздің баласының
Атының басын бір кезеңге тіредің, - деген өлең жолдары Бұқар жыраудың қай өлеңінен алынған үзінді – Жауап: «Ей, Абылай, Абылай!»
3. География: 1729 жылы қалмақтар мен қазақтардың айқасы қай жерде болды? – Жауап: Балқаш көлінің оңтүстігінде