Оқулықпен жұмыс 1-тапсырма: мәтінмен жұмыс. Әр оқушы жұмыс жасайды 2-тапсырма: ұғымдармен жұмыс жүргізу.
Ежелгі діни белгі (свастика), тыйым салу (табыну), жоса, жекеменшік деген түсініктердің анықтамаларын тауып жазу.
3-тапсырма: сұрақтар бойынша пікірлесу (жинақтау кезеңі) Үндіирандықтарда қорғаушы ата-баба аруағына сыйыну неден көрінеді?
Қола дәуіріндегі жерлеу рәсімін сипаттаңдар.
Жекеменшік дегеніміз не? Ол қашан және неліктен туындаған?
Қола дәуірінің жерлеу рәсімі қалай атқарылған?
Бекіту тапсырмасы: Ақпараттық плакат. (топтық жұмыс) Қола дәуіріндегі адамдар неге сиынған? Сұрағына жауап жазу мақсатында ақпарат жинап қорғайды.
Бағалау критерийлері: Сыйымдылығы
Ақпараттылығы
Дизайн
Тақырыпқа сәйкестілігі
Нақтылығы
Қорытындылау: «Шабандоздар мен жүйріктер» тәсілі Мұғалім сыныптағы оқушы санына қарай алдын-ала кеспе қағаздар дайындайды. Кеспелердің жартысында терминнің, ұғымның атауы, екінші жартысында оның анықтамасы, түсініктемесі жазылады. Оқушылар сыныптағылардан өз сұрағының немесе жауабының жалғасын іздейді.
Сабақтың соңы Кері байланыс. «Бағдаршам» тәсілі арқылы оқушының тиісті рефлексия жасауына бағыт беремін:
Жасыл түс – осы секілді тапсырмалар көбірек болса
Сары түс – ұнады, бірақ барлығы емес
Қызыл түс – сабақ мүлдем ұнамады
Үйге тапсырма:18-19 параграфты оқу.
Қосымша тапсырма. «Ерте металл дәуіріндегі діни-наным сенімдер: ата-баба аруағына сиыну, әдет-ғұрып, салт-жоралар, нанымдар» деген тақырып бойынша таныстырылым слайд дайындау.