М. Оқушылардан судың қандай табиғи күйлерін білетіндігін сұрақтар арқылы айқындайды жəне келтірген мысалдар арқылы түсініктерді дəлелдеуді сұрайды.
Оқушылар бұл тапсырманы дұрыс орындау үшін, мұғалім алдын ала көрнекі құралдарды дайындап беру қажет.
Мысалы: судың үніне байланысты аудио немесе бейнежазба болуы мүмкін (бұлақ, жаңбыр, сарқырама, толқынның шуы жəне т.б.).
Оқушылар мына сұрақтар жауап беру керек:
Судың бір күйден басқа күйге өзгеруі үшін қандай жағдай болу керек? Неліктен?
Судың қай күйінде дыбыс шығады деп ойласыңдар? Ол қандай дыбыс шығаруы мүмкін?
Звук ручья: http://noisefx.ru/skac hat-zvuk- ruchya.html
Волны на озере: http://noisefx.ru/skac hat-zvuk-ozera.html
(ОТ,Т) 3-тапсырма.Зерттеу.
Бұл тапсырманың мақсаты – оқушыларда ассоциациялық ойлау қабілетін дамыту.
М. Зерттеу жұмысын орындау үшін сынып оқушыларын топқа бөледі. Əр топ қажетті музыкалық аспаптарды алып, бұлақ, жаңбыр, теңіз жəне т.б. дыбыстарын салып көрсетуі тиіс.
О. Музыкалық аспаптармен (қоңырау, үшбұрыш, ксилофон жəне т.б.), судың түрлі сылдырын салып, өз ойын дəлелдеп жеткізу қажет.
М. Оқушылардан оқулықта көрсетілген аспаптардың судың түрлі күйлерінатсыална ал мүмкіндіктерін көрсететін мысалдар келтіріп, дəлелдеуді талап етуі керек.
М. Берілген аспаптардың атауларын оқушыларға үш тілде айтып беруді талап етеді: