М. Оқушылар Арал мəселесіне қатысты «Аралдан ұшқан аққулар» (өлеңін жазған: Ш. Сариев, əнін жазған: С. Бəйтереков) əнімен танысады, бейнетаспасын көреді, тыңдайды жəне үйренеді.
Тыңдау барысында əншінің орындауына көңіл бөліп, пікірлерін жəне қандай көңіл күйде орындайтынын айтады. Əн орындау талаптарын сақтайды. Мысалы,
əнді үйренгенде əуенін таза, өлеңнің жолдарын түсінікті айту;
əнді мəнерлеп орындау.
(Т, ОТ) 4-тапсырма.Шығармашылық.
«Аралымвиртуалды ойын оқушыларды Арал мəселесіне немқұрайды қарамай, саналы түрде оны шешу жəне көмек беру жолдарын іздеуге бағытталған.
Ойын. Аралым (виртуалды ойын).
Ойынның шарты. Оқушылар «Термешілер»,
«Əншілер», «Күйшілер» үш топқа бөлініп, Арал мəселесін туралы ғаламтор желісінен материалдар əкеліп, фонохрестоматиядағы бейнежазбалардан музыкалық шығармалар мен əндерді пайдаланады.
«Термешілер» тобы терме түрінде орындалатын туындыларды зерттейді. «Əншілер» тобы əндердің мазмұнын талдайды. «Күйшілер» тобы күйлерді қарастырады.
Ойынның аяғында əр топ сынып алдында жасаған композицияны көрсетеді, қорғайды, түсінік береді жəне таңдаған музыканың негізгі əуенін орындайды.
М. Арал мəселесіне қатысты бейнетаспаларды, иллюстрация, ұрмалы жəне шулы музыкалық аспаптарды дайындау қажет. Жұмысты орындау барысында оқушылардың назарын иллюстрацияларда бейнеленген суреттерге жəне соған байланысты теңіз, қоршаған орта дыбыстарына аудару қажет.