М. Сабақты мына сөздерден бастайды: «Қазір туған жерімізде су мəселесі жылдан-жылға қиындап келе жатыр. Су – табиғаттың керемет байлығы. Ол жанды табиғатқа, адамның өміріне, оның барлық тіршілігіне ауадай қажет». Оқушыларды бейнетаспаны көруге шақырады.
О. Сыныппен бірге су мəселесіне қатысты
бейнетаспаны көреді, пікірімен бөліседі. Оқулықта берілген мына сұрақтарға жауап береді:
М. Өз сөзінде Арал мəселесін əңгімелейді жəне
қазіргі кезеңде теңізге қатысты көптеген жұмыстар жүргізілу туралы мəлімет береді.
Одан кейін Қ. Сайжанның «Арал тағдыры» (үзінді)
деген күйді тындатқызады.
О. Тыңдап болған соң, оқушылар күйді талқылайды. Шығарманың атауына көңіл бөліп, композитор қандай мəселені көтеріп отырғанын айтып беру. Сұрақтарға жауап береді:
Музыканың орындалу нақышы қандай? Қандай көңіл күйді білдіреді?
Күйді тыңдау барысында көз алдарыңа қандай көріністер елестейді?
Күйді бағдарламалық музыкаға жатқызуға бола ма? Түсінігін айтып беру.