Қайырмасы: Жайнап өмір жұлдыз көгінде, Тұр ғой жарқырап.
Көңіл көзді көп арбайды, Қиялымды түгел тартып ап.
Отан-Анадан қуат аламыз, Алға жеңіспен біз барамыз. Бақта бұлбұл сайрайды ұзақ, Жайнайды кең даламыз.
Қайырмасы.
Отан-Ана (Өлеңін жазған:
Т. Молдағалиев, Əнін жазған:
Қ. Шілдебаев) Орынд.:
Б. Шүкенов https://www.youtub e.com/watch?v=ryW H0wLDr8w
Сұрақтар:
Неге авторлар əнді «Отан-Ана» деп атаған?
Əнде табиғаттың қандай көріністері бейнеленеді?
– Əуені қандай екпінде жəне қандай сезіммен орындалады?
Берілген сөздерден дұрысын тауып, түсініктерін айту: толғандырып, сүйіспеншілікпен, асықпай, жылдам, сырластықпен.
М. Ұзақмерзімді жоспарда «Жанды табиғат» тақы-рыбы бойынша берілген оқу мақсаттардың бірі «... музыкалық штрихтарды қолдану...». Сондықтан алдыңғы сабақтардың басынан бастап жəне осы сабақта
«музыкалық көркемдеуіш құралдар» деген түсінікті оқушылардың есіне түсіріп, «штрих» деген түсінікпен жəне штрихтардың «легато», «нонлегато», «стаккато» сияқты негізгі түрлерімен таныстыру қажет.
(МК,Т) 2-тапсырма.Зерттеу. Талдау.
М. Сыныппен бірге «Отан-Ана» əнінің екінші шумағын əуенімен қосып, сезіммен мəнерлеп орындауды талап етеді. Мына сұрақ бойынша
«штрихтар» түсінігіне көшеді.
Композитор əнде қандай музыкалық көркемдеуіш құралдарды қолданды? 2-сыныпта өткен көркемдеуіш құралдарды еске түсіру.