берілген жəне балалардың ойлау қабілетін дамыту үшін қайым айтысқа жақын етіп алынған.
Айтыс əуеніне балаларға таныс буыны жағынан сөзіне сəйкес келетін əуендерді таңдауына болады. Мысалы: халық əні «Жүгіріп шықтым белеске» немесе «Жақсы мен жаман» термесінің əуеніне.
Қыздар айтысын ұлдар берілген алдыңғы сөз үлгілеріне қарап аяқтайды (Ұлдар ылғи шулаймыз, үзілісте зулаймыз).
2-тапсырма.Суырыпсалма.
Мұғалім «Мен неге мектепті жақсы көремін?»,
«Менің мектебім» тақырыбында айтыс құрастыруды ұсынуына болады.
Оқулықта «Менің мектебім» тақырыбында суырып- салма жасалған.
(МК, Ұ, Ж) «Мектебім менің» тақырыбына суырып- салма жаса. Өлеңнің мазмұны мен ұйқасына қарай мына сөздерді қой: барғанша, жаңаша, тамаша.
Біздің мектеп ... ,
Асығамыз ... .
Қамқор болған ұл-қызға Ұстаздары ... .
Дұрыс жауаптары:жаңаша, барғанша, тамаша.
4-тапсырма. Зерттеу.
(М,шҰ,ыТл)арОқу айтыстың түрлерімен танысады. Мұғалім айтыстың əрбір түріне ұғымдық түсініктер беруіне де болады. 5-сыныптағы музыка сабақтарын- да бұл тақырыптар аясы кеңінен қамтылады. Зерттеу жұмысындағы негізгі мақсаты – баланы шығарма- шылық суырыпсалмалыққа тарту. Шығармашылық тапсырма ойын түрінде беріледі жəне ең ежелгі
Ұлдар:
Қыздар:
Кəне, айтысты бастайық, Ақындарға ұқсайық.
Жақсы болса сабағың, Саған мақтау табайын.
Бастасақ, біз де бастайық, Ақындарға ұқсайық. Айналайын қарағым,
Жақсы менің сабағым.
Ұлдар неге шулайды? Үзілісте зулайды, Тап-таза болып жүрмейді,
Қашан алға өрлейді?
Ұлдар ылғи ...
Үзілісте ...
Сынды қабыл аламыз, Біз ақылды баламыз.
тұрмыс-салт айтысы бəдік туралы айтылады. Оқулықта қысқаша түсініктеме де берілген.
«Малмен күнкөріс көріп отырған ата-бабаларымыз мал ауруының иесі – «бəдік» деп ойлаған. Бəдікті малдан шығару үшін үркітіп, өлеңмен тауға, ағын суға, желге т.б. жаққа «көш-көш» деп көшірген. Кейін келе бұл салт ұмытылып, жастардың əзіл-қалжыңына айналды». Бұл тарапта ғалымдарымыздың (Ə. Диваев, М. Əуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, М. Жармұхамедұлы жəне т.б.) еңбектері баршылық.