Түсінік: Əн – вокалдық музыканың бір түрі.
Вокалдық музыка – музыка аспабының сүйемел- деуімен немесе сүйемелдеуінсіз жеке əншіге, хорға арналып жазылған музыкалық шығармалар.
Шумақтық форма– вокалдық музыкадағы ең қарапайым форма. Шумақтық формада музыка (əуені) қайталана береді, ал өлеңі өзгереді.
Шумақ жəне қайырма – вокалдық музыкадағы негізгі формалардың бірі.
О. Алдыңғы тапсырманың жалғасы ретінде мына терминдерді үш тілде ұжыммен, жеке айтады.
(Мк,Ұ/Т) 3-тапсырма.Ақпарат іздеу, зерттеу.
М. Оқушылармен бірге айналада бар, күнделікті өмірде қолданылатын əртүрлі пішіндегі (форма) заттарды естеріне түсіріп əңгімелейді.
Оқулықтағы суретте көрсетілген шеңбер, үшбұрыш, шаршы немесе тік төртбұрыш сияқты геометриялық пішіндерге тағы қандай заттарды ұқсатуға болатынын талдайды.
əн
песня
sonq
Оқулықташеңбер, шаршы, үшбұрыш суреттері мен түсініктер берілген.
М. Оқушыларға музыкалық шығармалардың алуан формалары бар екендігін əңгімелейді. Адамдар музыкалық шығармалардың формаларын тыңдағанда ғана сезім арқылы қабылдайды жəне түсінеді. Музыкалық формалар қарапайым жəне күрделіге бөлінеді.
О. Сабақтың тақырыбына байланысты қарапайым формалардың ішінен бір бөлімді (период), екі бөлімді (шумақ, əн), үш бөлімді формаларды зерттеуге кіріседі.
Оқулықтағы шаршы пішінін пайдалана отырып, оқушылар П. Чайковскийдің балаларға арналған
«Болезнь куклы», «Неополитанская песенка»,
«Вальс» пьесаларын тыңдайды, талдайды жəне формаларын анықтайды.