Оқулықтағы мəліметтер. О. Мəлімет: Шара (Гүлшара) Баймолдақызы Жиенқұлова (1912–1991) – биші, педагог, Қазақстанның халық əртісі.
Өнер жолын Қазақ драма театрынан бастады. Қойылған спектакльдерде ойнап, ұлттық билерді биледі. Ұлттық би өнерін дамыту үшін ел аралап, халық əдет-ғұрпын, салт-дəстүрін, халық билерін зерттеп, сахнада қойды.
Керемет биші болғандықтан, халық арасында оны музыкалық-пластикалық өнердің «гауһар тасы» деп атаған.
Қосымша: Ш. Жиенкулова.
11.48 мн. https://www.youtube
.com/watch?v=geTfo prXcik
О. Мəлімет: Болат Ғазизұлы Аюханов 1938 ж. Семей қаласында дүниеге келген. Балет бишісі, актер, педагог, балетмейстер. Қазақстанның халық əртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
1967 ж. бастап «Алматы жас балеті» ансамблінің іргесін қалаушы жəне жетекшісі. 2003 жылы Мемлекеттік академиялық классикалық би ансамбліне айналған. Ансамбль дүниежүзіне кеңінен танымал болып, хореографиялық өнерді игеруі жөнінен əлемдік балет ұжымдарының ең үздік ондығына енген.
«История одного шедевра» (0029) – Болат Аюханов https://www.youtube
.com/watch?v=XiZt PozHMpI
М. Оқулықта берілген Ш. Жиенқұлова мен Б. Аюхановтың суреттерін тамашалап, олардың жан- жақты дамыған, шығармашылығы ауқымды тұлға екендігіне көздерін жеткізу керек.
Оқулықтағы суреттер:
Ш. Жиенқұловаға арналған «Қазақ вальсі» Г. Ысмайылованың туындысы.
Б. Аюхановтың «Айдай сұлу Айсұлу туралы ертегі» фильмінде уəзірдің рөлінде түскен суреті.