Балет– сахналық би өнерінің бір түрі. Классикалық би – хореографияның бір түрі, балеттің негізі.
Заманауи би – жаңаша түрдегі би қимылдары. Халық биі – əр халықтың салт-дəстүріне, музыкасына негізделген би қимылдары.
Спортық бал биі– жұптық би. Бұл биде спорт пен биді біріктіріп, бишілер вальс, танго, фокстрот, румба жəне т.б. билер арқылы би билеу шеберлігін көрсетеді.
Хореография – би шығару өнері.
Постер – жарнамаға арналған көркем плакат.
Ағылшын тілінде «афиша», «хабарландыру» деген сөз.
М. Сабақ барысында түсініктерді айқындайды жəне оқушылардан үш тілде айтып беруді талап етеді.
(Т,От) 4-тапсырма. Ақпарат іздеу, суырыпсалма.
Тапсырманың мақсаты – оқушылардың биге қатысты білімдерін ойын түрінде бекіту.
М. Сыныпты кішігірім топтарға бөліп, бидің түрін таңдап алуына мүмкіндік беріңіз. Музыкалық сүйемелдеуге көмектесіңіз. Топтарға дайындыққа жеткілікті уақыт берген жөн.
Бұл тапсырманы дайындау үшін оқушыларға алдын ала үйге беруге болады.
Ойын. Би билейік!(суырыпсалма ойын)
О. Ойынның шарты. Оқушылар «Халық биі»,
«Классикалық би», «Балет», «Заманауи би»,
«Спорттық бал биі» деген топтарға бөлінеді. Таңдаған тақырыпқа бейнетаспаларды көріп, қажетті суреттерді қарастырады жəне көрсетілімге дайындалады.
Əр топ өз тобының атына сай биге постер жасайды жəне шағын музыкалық-сахналық көріністі дайын- дайды. Музыканың сүйемелдеуіне қосылып, дайындаған би қимылдарын көрсетеді.