О. Билердің атауларын тауып, тақтаға жазылған торкөздерді толтырады.
Оқулық. Торкөздегі сөздер: классикалық би, балет, халық биі, заманауи биі, спорттық бал биі.
Би түрлерібейнеленген үлестірмелі парақтар
топтамасы
(Т) 3-тапсырма.Ақпарат іздеу, талдау.
М. Қазақстанда би өнерінің дамуына ықпал еткен тарихи жағдайларға жалпы тоқталып, қазақтың халық биін, балет пен классикалық биді жоғары дəрежеге көтерген атақты бишілердің аттарын атамай, қысқаша түрде мəлімет береді.
О. Топқа бөлініп, мұғалімнің «Ұлттық би өнерінің дамуына қомақты үлес қосқан, басқа елдерге танытқан кімдер?» деген сұрағына жауап іздейді.
О. Бейнетаспадан үзінділерді көріп, атақты қазақ бишісі Шара Жиенқұлова жəне ұлттық балет өнерін өрлеткен белгілі балетмейстер, педагог Болат Аюхановтың шығармашылық жолымен танысады.
О. Əр топ оқушылары оқулықта берілген Шара Жиенқұлова мен Болат Аюхановқа байланысты мəліметтермен танысып, алдын ала үй тапсырмасы ретінде ғаламтор желісінен немесе кітапханадан тапқан ақпараттармен бөліседі.
Шара Жиенкұлова
– қазақ өнерінің ханшайымы http://massaget.kz/la yfstayl/madeniet/per sona/703/