2-тапсырма. Музыка тыңдау.
(МК,Ұ) Оқушылар Құрманғазының «Балбырауын» күйін тыңдайды. Берілетін сұрақтар оркестрдегі дирижёр рөлінің қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.
Үнтаспадан ұлы күйші Құрманғазының «Балбы- рауын» күйін жеке жəне оркестрдің орындауында тыңда.
Саған күй орындалуының қай нұсқасы ұнады?
Оркестрдің орындауында күй көркемделуіне не себеп болды? (орындаушылар саны, аспаптардың көптілігі, əртүрлілігі, дыбыс күші, дыбыс бояуы (тембрі), дирижёрдің болуы).
Оқулықта оқушылардың ойын түйіндеуде қорытынды пікір ұсынылған.
«Оркестрмен орындалатын музыкалық шығарманың өте көркем болуы оның жетекшісі дирижёрге байланысты. Ол оркестрдің бірге орындауын, шығарманың ырғағын, екпінін, дыбыс күшін қалай ойналу керектігін қас-қабағы, қол қимылдары арқылы көрсетеді.
Құрманғазы
«Балбырауын» жеке орындауда Қ. Ахмедияров
http://audio.nur.kz/1042697-kyrmanfazi-balbirauin-(or-k-ahmediyarov) Құрманғазы
«Балбырауын» оркестрдің орындауында https://www.youtube.com/watch?v=beSPeoJD5DY
Өзің сүйіп тыңдайтын Құрманғазы атындағы оркестр – қазақтың алғашқы халық аспаптар оркестрі. Оркестрді алғаш ұйымдастырып құрған əрі дирижері болған композитор А. Жұбанов».
А. Жұбанов шығармашылығымен оқушылар келесі бөлімде танысады.
3-тапсырма.Орындау жəне суырыпсалма.
Сабақта орындалатын «Біздің оркестр» əні (өлеңін жазған: Ə. Асылбек, əнін жазған: Т. Қоңыратбаев).
«Біздің оркестр» өлеңінің мазмұнымен үйлесімде, композитор Т. Қоңыратбаев əр шумақтан кейін оркестр үнін салатын қысқа қайырымдық əуенмен əнді бекітіп отырады. Əнді орындауды игергеннен кейін, аталмыш қысқа қайырымдық əуенді ұрмалы аспаптармен сүйемелдеуге болады.
Оқушыларға ырғағын қадағалау тапсырылады.