53-жаттығу. Өлеңді түсініп оқиды. Өлеңдегі негізгі ойды анықтауды тапсырады.
Өлеңде қандай кәсіп иелері туралы айтылғанын айтады. «Ассоциация»стратегиясы қолданылады. Оқушылар өздері білетін мамандық атаулары мен кәсіп түрлерінен ассоциация құрады.
Өздерінің келешекте қандай мамандық иесі болғысы келетіні туралы әңгімелейді. Қарамен жазылған теңізші,шопан,диқансөздеріне назар аударып, н, ң дыбыстарын салыстырады. Өз қорытындыларын жасайды. Өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, жауап береді.