ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ
Мұғалімнің аты-жөні:
|
1.Мәлік Минара Ерболатқызы
ӘЛІМХАН ЕРМЕКОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ
|
Пән/Сынып:
|
Жаратылыстану 6 сынып
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
4-ші тоқсан 2-ші сабағы
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
Бөлім: Экология және тұрақты даму
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Экожүйе түрлері
|
Оқу мақсаты:
|
5.6.1.2 – экожүйе түрлерін жіктеу
|
Бағалау критерийі:
|
Табиғи және жасанды экожүйелерді біледі
Экожүйелерді көлемдеріне қарай жіктей алады.
Экожүйелер көлемі бойынша жіктей алады
|
Сабақ кезеңдері
|
Тапсырма
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
|
Сабақ мақсатымен таныстыру, негізгі үйренетін ақпараттар.
|
Презентация № 1,2бет
|
Сабақтың басы
|
Сабақ мақсатына жету үшін:
Экожүйенің түрлерін білу.
Олардың ерекшеліктерін түсіну керек.
Экожүйелер шығу тегі бойынша:
Табиғи: Адамның араласуынсыз пайда болған мысалы: көл, орман, шөлдер т.б
Жасанды: Адам іс-әрекеті нәтижесінже пайда болған
мысалы: егістіктер, ауылдар, бау-бақшалар т.б осы түрлерді түсіндіру, талдау
Экожүйелерді көлемі бойынша: төрт топқа жіктелінетіні талданады:
Экожүйелерді энергия көзі бойынша жіктеу талқыланыа, бейнесюжет көрсетіледі.
Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгерулерін бекіту үшін тапсырмалар орындалады
|
Презентация
№ 3-7 беттер
twig-bilim.kz
|
Сабақтың ортасы
|
1 - тапсырма
Төмендегі экожүйенің жанды және жансыз компоненттерін ата, олардың өзара байланысын түсіндір.
2- тапсырма
Мағынасы бойынша берілген сөздерден экожүйе құрам бөлігін анықтаңыздар.
Газ, жел, түссіз, тыныс алу- ?
Ағыс, мөлдір, сұйық -?
Оттегі,өсу,жасыл түс, тамыр -?
Құнарлы,қоспа, тіршілік -?
Қозғалыс, қоректену,тыныс алу, өсу -?
Организмдердің өлі қалдығы, топырақ, қоректену-?
Тапсырманың жауабы:
Газ, жел, түссіз, тыныс алу- Ауа
Ағыс, мөлдір, сұйық- Су
Оттегі,өсу,жасыл түс, тамыр- Өсімдіктер
Құнарлы,қоспа, тіршілік- Топырақ
Қозғалыс, қоректену,тыныс алу, өсу- Жануарлар
Организмдердің өлі қалдығы, топырақ, қоректену-Микроағзалар
3 Тапсырма : Ұғымдарды жауаптарымен сәйкестендіріңіз:
Өсімдіктер-өндірушілер
Экожүйелердің негізі-күн энергиясы
Экожүйе ұғымын енгізген-Тенсли
Жануарлар-тұтынушылар
Оқушылар сәйкестендіру тестін орындайды.
|
Презентация № 7-12бет
|
Сабақтың соңы
|
Қорытынды: ББҮ стратегиясы арқылы.
|
13 бет
|
Достарыңызбен бөлісу: |