Білімділік: ЕХСЕL- дегі берілгендермен жұмыс істеу, деректерді ЕХСЕL-ге енгізу, деректерді сақтау және қорғау. Деректерді өңдеу формулалары, деректердің орнын ауыстыру және көшірмелеу, жұмыс кестесін автоматты түрде пішімдеу, кестелерді баспаға шығару туралы білімдерін шығару туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелік:Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтүрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялар, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті қта, компьютерлер.
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастырукезеңі.
ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру.ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Ms Excel -де кез келген формуланың «=» белгісінен басталатынын
білеміз. Мысалы, сіздің оқу кестеңізде әрбір қызметкердің үш айға қанша сыйақы алатынын есептеу керек. Олүшін Е3 ұяшығына =В3+С3+D3 формуласын енгіземіз, әйтпесе Excel-дегі дайын формуланы қолданса да болады. Мұндай ұзын формуланың орнына =СУММ (В3:Д3) формуласын енгізсе болғаны.
Электронды кестеде қосу (СУММ) функциясы жиіқолданылады, сондықтан Стандартты аспаптар тқатасында белгісінің батырмасы қарастырылған. Жалпы қосындыны білу үшін қосылатын ұяшықтардың аумағын белгілеп, Автоқосынды (Автосумма) батырмасын шертіңіз.
Қорытылып шығатын формулаларды енгізу үшін Функция шебері (Мастер функции) диалогтік треезесін қолдануға болады. Ол функцияны енгізіп қана қоймай, күрделі есептеулерді де орындайды.