Сабақтың типі:Практикалық сабақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: тірек сызбалар арқылы түсіндіру, сәйкестендіру тесті, сұрақ- жауап.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе карточкалар, интерактивті тақта, компьютер.
Пән аралық байланыс: бейнелеу, математика.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:1. Сәлемдесу, түгендеу.
Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау:(Үй тапсырмасы тақтада тексеріледі)
12
Тақырып диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін қолданылады.
Аңыз диаграммаларда берілген дерекетрдің қатарларын ажыратуға көмектеседі.
Диаграммалардың типтеріне практикалық жұмыс жасау:
Дөңгелек диаграмма
Көлемдік гистограмма
(әрбір диаграмма Excel кестелік процессорында құрылып түсіндіріледі)
Excel-де диаграммаларды екі түрлі жолмен: ағымдағы жұмыс бетіне кірістіру және диаграмма бетін қосу арқылы орындауға болады.
Графикалық обьектілерді кірістіру:
Жаңа файл ашамыз.
Меңзерді А1 ұяшығына орналастырамыз, себебі суертті бос
А бағанына кірістіреміз.
Ол үшін Вставка – Столбцы командасын орындап, бүкіл кестені бір бағанға оңға жылжытамыз.
Вставка – Рисунок – Картинки командасын орындаймыз.
Microsoft Clip Gallery диалогтік терезесінде Картинки қосымшасын және сурет категориясын таңдаймыз.
Суреттер бар терезе ашылады, ұнаған суретімізге маусы шертеміз.
Вставить батырмасын шертеміз, жқатаудағы сурет кестеге кірістіріледі.
Егер сурет көлемі ұнамаса, оны өзіміз қалауымызша үлкейтіп немесе кішірейтуімізге болады.
«Сұрақ саған, жауап маған» ойыны:
Ойынның сұрақтары:
Excel-де диаграммаларды неше жолмен құруға болады. Атап айтыңдар.
Аңыз не үшін қажет?
Диаграмма осьтері.
Тақырып не үшін қолданылады?
Диаграмма типтерін атаңдар.
Диаграмма элементтері.
(Ойын шарты бойынша интерактивті тақтада сұрақтар кезекпен кезек шығады. Оқушылар сұрақтарға жауап берулері тиіс.)
Сабақты бекіту:
Ойынның сұрақтары:
«Футбол» ойыны:
Графикалық обьектілерді кірістіру жолдарын көрсетіңдер.
Сақиналық диаграмманы құрып көрсетіңдер.
Дөңгелек диаграмманы құрып көрсетіңдер.
Гистограмманы құрып көрсетіңдер.
Конустық диаграмманы құрып көрсетіңдер.
Көлемдік гистограмманы құрып көрсетіңдер.
(Ойын шарты бойынша интерактивті тақтада футбол қақпасы және 6 доп беріледі. Доптардың астында диаграмма титеріне қарай құру шарты берілген. Оқушы қалаған добын таңдайды және диаграмма типінің құрылуын іс жүзінде көрсетеді.)
Достарыңызбен бөлісу: |