Сабақ жоспарлауға арналған ұсыныстар Жоспарлау барысында төмендег І мəселелер турал ы ойланыңыз : Қысқ а


Жұппен немесе жеке жұмыс істеу барысында



бет3/3
Дата23.03.2023
өлшемі27,58 Kb.
#75752
түріСабақ
1   2   3

Жұппен немесе жеке жұмыс істеу барысында:


  • сыныптағы оқушыларға өзара байланысты (ұқсас) тапсырма, жаттығу немесе проблемалық сұрақтарды беріңіз;

  • сауал қою үшін немесе қолдау көрсету үшін белгілі бір оқушыны таңдаңыз;

  • оқушылардың арасындағы əріптестікті жəне жүргізген талқылауларын ынталандырып отырыңыз.


Бүкіл сыныппен талқылау (сабақтың соңында):



Сабақтың бұл бөлігінде:

  • оқу мақсатымен байланыс орнатыңыз;

  • оқушылардан өзінің орындаған тапсырмасын, шығарған есебін түсіндіруді, кейде көрсетуді сұраңыз: олардың жұмысын өз қателіктерін түсініп, оларды түзететіндей етіп бағалаңыз;

  • оқушыларға өздерінің жеке мақсаттары туралы естеріне салып отырыңыз жəне жеткен жетістіктерін, табыстарын атап айтып отырыңыз;

  • оқушылардың сабақта қолданатын есептеудің түрлі əдіс-тəсілдерінің тиімділігін талқылаңыз;

  • оқушыларға сабақта келтірілген мысалдардан ортақ қорытынды шығаруға көмектесіңіз;

  • зерделенген материалға қорытынды жасаңыз жəне ненің маңызды болғандығын жəне нені есте сақтау қажеттігі жөнінде ойланыңыз;

  • егер бұл сабақ бөлімді аяқтауға арналған сабақ болатын болса, онда алдыңғы білімге назар аударып, үдерістің дамуын қарастырыңыз;

  • меңгерілген дағдылар мен идеялардың көмегімен шешімі табылмай жүрген проблемаларды талқылаңыз;

  • өзге жұмыспен байланыстырыңыз жəне ары қарай орындалатын шараларды талқылаңыз.


Бүкіл сыныппен талқылау барысында:


  • неге қол жеткізгіңіз келетінін нақты белгілеңіз;

  • сабақтың негізгі бөлімі жоспарланған уақыттан ауытқымауын қадағалаңыз;

  • оқушылардың өз жұмысын қалай ұсынатынын, көрсететінін мұқият жоспарлаңыз, сондай-ақ оған кететін уақытты да алдын ала жоспарлап қойыңыз;

  • оқушылар материалды түсінгендігіне көз жеткізу үшін қоятын сұрақтарыңызды алдын ала дайындап алыңыз;

  • сабақты аяқтаңыз жəне жетістіктерін бағалаңыз.

Ресурстар


Сіз төмендегілерді орындай аласыз:

  • оқытатын ресурстар туралы ойланыңыз, материалды қалай көрнекілеуге болады?

  • сабақ басталмай тұрып, қажетті материалды жинастырып, оны пайдалануға дайындап қойыңыз;

  • барлық материал жеткілікті мөлшерде болсын;

  • сіздің көрсеткен материал оқушылардың оқуына көмектесіп, оны тереңдетуге ықпал етуін ойлаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет