Өзін-өзі бақылау сұрақтары 1.Бизнес-жоспардың негізгі мақсаты
2. Жоспарлау белгілер бойынша жіктеліу
3. Бизнес-жоспардың қажеттілігі және оны пайдаланудың негізгі шарттары
4. Бизнес-жоспардың негізгі тарауларының мазмұны.
5. Стратегиялық жоспарлау
6. Тактикалық жоспарлау
Бағалау критериі: есептерді шешу, семинар сабағында белсенділігін бағалау.
Тақырып 13. Кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы. Кәсіпкерлік мәдениеттің мәні мен мағынасы.
Семинар сабағының мақсаты – Кәсіпкердің іскерлік қарым- қатынасын сипаттау.
Семинар сабағының міндеті – адамдармен қарым - қатынастағы басшылық - қоғамның басты өндіруші күші - адамдармен «адам факторымен» жұмыс істей білушілік.
Іскерлік, дағдылық және біліктілік Қоғамдық пікірді есепке ала отырып, өз - өзіне жоғары талап қоя білу кәсіпкердің өзін - өзі ұдайы жетілдіру ғана емес, өзгелерден сондай жетілуді талап ету болып табылады. Талап қоя, сұрай білу де – кәсіпкердің кәсіптік имиджінің моральдық кодексінін талаптарының бірі.
Сабақты өткізу формасы – сұрақ жауап, жазбаша жұмыс
Семинарлық тапсырма
Ситуация 1 Сіздің «Басшы оның қол астындағы» мәселесіне көзқарасыңыз. Басшы мен оның қол астындағылар арасындағылар қарым- қатынасқа басқарулық, психологиялық- педагогикалық талдау жасаңыз.
Ситуация 2 Басшылар жұмысына жүргізілген сараптама, олардың жұмысының 70% қол астындағыларға нені қалай жұмсау керек екендігімен өзінің міндеттемелі жұмысына кететінін көрсетіп отыр.
Ситуация негіздемесі. Мұндай жұмыс қарқынын ұжымның жұмысының табысты болуына оң әсерін тигізеді. Егер, ұжымда міндеттемелер мен жұмыс функциясы анықталмаса ел бос уақытты алады. Шешімге келуде қай әдіс тиімді?
Ситуация 3. Сіздің басшыңыз- тәрбиесіз адам оған жұмыс барысында дөрекі сөз қолдану ештеңе емес. Сіз деректорға шағымданыңыз, ол сөйлесіп, бәрінің дұрыс болатынын айтты, алайда өзгеріс жоқ. Сіздің қадамыңыз:
ештеңені сезбегендей жүре бересіз;
Ситуация 4 Іс –тәжірибе көрсеткендей, ұжымның тұрақтылығы мен жұмысқа қабілеттілігі қуатты болған сайын, басшының абыройы жоғары болады. Басшы абыройын асқақтататын психологиялық- педагогикалық факторлар ретінде нені танисыз? Дәйекті мысалмен келтіріңіз.
Ситуация 5 Өз жұмысын ұйымдастыруда басшылар көп жағдайда ғылыми- семинарлық әдіске негізделген жүйені қолданбайды. Ол әдістер қандай? Басшының уақыты мен жұмыс стилінің арасындағы байланыс қандай? Неге, жұмыстың жүйелілігімен жасалынған жоспар тығырыққа тіреледі.
Ситуация 6 Адамдарды басқару өнері мен айналыса жүріп, сіз тағы да істі жүргізу стилі мәселесіне соқтығыстыңыз. Сіз қандай стильді қалайсыз, мәселен:
жұмысшылар өз жұмыстарын функциямен дәлме-дәл орындап отырағанын қадағалау;
барлығына тиісті шешімдерді шешуге жұмылдыру;
жұмысқа ғана емес, оның орындалуына да көңіл аудару.