Іскерлік, дағдылық және біліктілік Мерзімді басылымдарда және ресми дерек көздеріндегі мәліметтерді пайдаланып, Қазақстанның тұтыну тауарлары мен қызметтері рыногына тұтыну құрылымы (сұраныс), өндіріс көлемі (ұсыныс) және баға параметрлері бойынша зерттеу жүргуге дағдылану. Мәліметтерді кесте, график, диаграмма, арнайы сызба түрінде көрсете білу.
Семинар сабағын өткiзу әдiсi – сұрақ –жауап, есептер шығару
Тапсырма Көп нүктенің орнына сәйкес келетін түсініктер мен анықтамаларды қойыңыз.
А. Арзан тауарлар..............
Ә. Гиффен тауары.............................
Б. Қымбат тауарлар..........................
1. .................... тұтыну сапасы төмен, жалпы тұтынушылық шығындарда алатын орны үлкен емес, бағаның төмендеуі ол тауарға сұранымды ұлғайтады немесе мүлдем рыноктан ығыстырады.
2. ................. сатып алушының әлеуметтік жоғары мәртебесін көрсететін айрықша сұранымға байланысты, бағаның төмендеуі «Веблен тиімділігі» тартымдылығын кемітуге алып келуі мүмкін.
3. ................. тұтыну құрылымында орын алады. Бағаның көтерілуі сұранымның өсуіне, бағаның төмендеуі сұранымның азаюына алып келеді.
1 есепті шығару. Кестеде бұршақты консервісі нарығындағы жағдайды сипаттайтын мәліметтер берілген.
1банкі бағасы (тенге)
Сұраныс көлемі
(жылына мың банкі)
Ұсыныс көлемі
(жылына мың банкі)
8
70
10
16
60
30
24
50
50
32
40
7
40
30
90
Сұраныс пен ұсыныс қисықтарын сызыңыз;
Графикалық және аналитикалық жолмен тепе- теңдік баға мен көлемді анықтаңыз;
Өнімнің алғашқы бірлігі сатып алынатын максималды бағаны анықтаңыз;
Мемлекеттің өнімнің бағасын тепе-теңдік бағадан 1 бірлікке жоғары етіп орнатуға шешім қабылдаса қандай жағдай орын алады (аналитикалық және логикалық жолмен).