Сабақ жүргізудің Әдістемелік нұСҚаулығы шымкент, 2019



бет20/32
Дата20.09.2022
өлшемі393,5 Kb.
#39569
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32
Байланысты:
4-НОВ-МУ по семин.

Бағалау критериі: есептерді шешу, семинар сабағында белсенділігін бағалау.
Тақырып 8. Фирма және кәсіпкерлік теориясы. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табыстары.
Семинар сабағының жоспары

  1. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезендегі өндіріс. Кемімелі қайтарымдылық заңы. Шекті өнім.

  2. Фирманың шығындарының жіктелуі және құрылымы. Альтернативті шығындар.

  3. Өндіріс шығындары және пайда: бухгалтерлік және экономикалық тәсілдер.

  4. Қысқа мерзімді кезеңдегі шығындар. Ұзақ мерзімді кезеңдегі шығындар.

  5. Фирманың қаржылық жағдайы мен табысы. Фирманың пайданы жоғарылату шарты.



Семинар сабағының мақсаты – өндірістің шығындарының және пайданың мазмұның ашу, оның қозғалысын түсіну.
Семинар сабағының міндеттері қысқа және орта мерзімдегі өндірістің щығындардың ерекшеліктерін сипаттау, кәсіпорынның пайдасын көбейту және шығындарды төмендетудің негізгі жолдарын анықтау.


Іскерлік, дағдылық және біліктілік
Студент шығындардың құрылымына маркстік және заманауи көзқарастармен танысу керек. К.Маркс өндіріс шығындардын еңбек және капитал шығыны ретінде қарастырды. Маржиналистік концепцияға сүйенсек өндіріс шығындары өндіріс факторларының шекті пайдалылығымен анықталады. Студент айқын және айқын емес, бухгалтерлік және экономикалық шығындар анықтамаларын білу керек. Жалпы және орташа шығындар анықтамаларын білуі тиіс.
Сабақты өткізу формасы – ауызша- жауап, есептер шығару.


Тапсырма 1 Келесі берілгендердің негізінде жалпы және шекті шығындар көлемін есептеңдер:
Кесте 19

Шығарылым көлемі, Q

Тұрақты шығындар, FC

Өзгермелі шығындар, VC

Жалпы шығындар,ТС

Шекті шығындар, МС

0

100

0







10

100

50







20

100

100







30

100

150







40

100

200







Тапсырма 2. Дұрыс – Қате





  1. Шығындар – бұл өнім өндіру процесінде өндіріс факторларын сатып алуға кеткен ақшалай қаражат.

  2. Өзгермелі шығындар - өнім көлеміне байланысы жоқ шығындар.

  3. Тұрақты шығындар - өндірілген өнім көлемі өзгерген сайын өзгеріп отыратын шығындар.

  4. Орташа шығындар – бұл бір данаға шыққан шығындар.

  5. Шекті шығындар – бұл шығындар өнім өндірудің ең жоғары көлемін анықтау үшін қолданады.

  6. Экономикалық шығындар – бұл есепке алынған айқын шығындар.

  7. Бухгалтерлік шығындар – бұл айқын мен айқын емес шығындардың қосындысы.

  8. Бухгалтерлік пайда– бұл жалпы табыс пен бухгалтерлік шығындар арасындағы айырмашылық.

Тапсырма 3 Есеп:


Студент каникул кезінде 300 мың теңге табыс табуы мүмкін, не ағылшын тілі курсына баруға болады. Ағылшын тілі курсын таңдап барса, оның шығыны мына жүйені құрайды:
Оқу үшін төлем – 200 теңге
Курс үшін оқулық – 30 теңге
Жол шығыны – 40 теңге
Тамақ үшін шығын – 300 теңге
Альтернативтік шығын неге тең болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет