Сабақ k Бөлім: Өнер Мұғалімнің аты-жөні



бет1/3
Дата23.01.2023
өлшемі125,58 Kb.
#62453
түріСабақ
  1   2   3

Тексерілді: Н.Набиев
Қысқа мерзімді жоспар
Әдебиеттік оқу 4-сабақk



Бөлім:

Өнер

Мұғалімнің аты-жөні

Санаева А.А

Күні: 24.01.2022ж




Сынып: 3 Б

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Шешеннің сөзі ортақ . Әнет баба өсиеті

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау
3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды, өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізе алады.
Көптеген оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қояды және жауап береді.
Кейбір оқушылар: кейіпкер жайлы білетін мәліметтерді есіне түсіріп әңгімелей алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру
8 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.
Өткен тақырыпқа шолу:
-Әйтеке бидің нақыл сөздерін жатқа айту. Мағынасын түсіндіру.
Оқу материалын жариялау «Миға шабуыл» әдісі арқылы жүреді:
-Берілген мақалдардың мағынасын ашыңдар.
1. Жақсы сөз жаныңды жадыратады,
Жаман сөз уайымға салындырады.
2. Тауып айтқан сөзге құн жетпейді,
Біліп айтқан сөзге мін жетпейді.
3. Жақсы сөз – жарым ырыс.
- Олай болса, бүгінгі сабағымызда «Әнет бабаның өсиеті» атты шығарманы оқитын боламыз.
Сабақ мақсаты жария етіледі.

  1. Жаттығу жасайды.

Оқу тапсырмасы жайлы сұрақтарға жауап береді.


Тақырыпты ашады.



«Ауызша мадақтау» әдісі:
Жарайсың!
Тамаша!
Жақсы!






Жаңа білім
15 мин

2 мин

Бекіту
15 мин



(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады.
А)Мәтінмен жұмыс. «Әнет бабаның өсиетін» түсініп тізбектей дауыстап оқыңдар.
-Әнет бабаның өсиетін Қазыбек би қалай түсінді?
Ә) Сұрақ-жауап:
-Шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін бір-біріңе сұрақтар қойып, жауап беріңдер.
Кейбір оқушылар: кейіпкер жайлы
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға:
-Қазыбек би жайлы білетін мәліметтерді есіңе түсіріп әңгімеле.


Сергіту сәтінде қазақ күйіне билейді.


(Д) 2-тапсырмада дәптермен жұмыс жүзеге асырылады.
Сызбамен жұмыс:
1) Сызбаға сүйеніп, шешендік сөздер туралы ойыңды қорытып айт.
2) Сызбаға сүйеніп, шешен адамға тән сипаттарды айт. Өзің тағы не қосар едің?

- Мәтінді оқиды.
- Сұрақ қойып, жауап береді.

Билеп сергиді.


-Тапсырманы талқылап, өз пікірлерін білдіреді.

Дескриптор:
- Мәтінді тізбектей дауыстап оқиды-1балл.
- Әнет бабаның өсиетін Қазыбек бидің сөзімен түсіндіреді-2балл.
- Мәтін мазмұны жайлы бір-біріне сұрақтар қойып, жауап береді-2балл.


Дескриптор:
- Шешендік сөздер туралы ойын қорытып айтады -1балл.
Шешен адамға тән сипаттарды айтады-2балл. Шешен адамға тән сипаттарға өз пікірін қосып әңгімелейді-2балл.

Оқулық









Кері байланыс
5 мин

Кері байланысты «Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы береді. Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды.
Оқу тапсырмасы: Мәтінді оқу, Әнет бабаның өсиетін Қазыбек бидің талдауын жаттап алу.

Сабаққа кері байланыс жасайды.

ҚБ қойылады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет