Сабақ "Кел, танысайық"


Жаттығу:"Көңіл-күйімізді суреттейміз"



бет5/5
Дата22.06.2023
өлшемі349,13 Kb.
#103115
түріСабақ
1   2   3   4   5
Жаттығу:"Көңіл-күйімізді суреттейміз"
Мақсаты:Сабақтың соңындағы оқушылардың эмоциялық жай-күйін көрсету.
Жаттығу барысы: Мұғалім балаларға түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы немесе фломастерлер, альбомның парақтарын таратады. Балаларға өз көңіл-күйініңсуретін салу ұсынылады. Тыныш әуен астында балалар жаттығу орындайды. Сурет салып болған соң, мұғалім өз суретін ілгісі келетін түсті таңдауын ұсынады. Бұдан "сары", "көк" және басқа да түсті суреттер пайда болуы мүмкін. Алынған коллаж балалардың көңіл-күйін білдіреді.


Жаттығу"Тамаша күн үшін рахмет "


Мақсаты: достық сезімдерін білдіру және алғыс айта білу дағдыларын дамыту. Бұл сонымен қатар сабақтың аяқталғанын білдіретін достық рәсімі.
Барысы: Мұғалім: - Өтінемін, жалпы шеңбер құрып тұрыңыздаршы. Мен сіздерге достық сезім мен бір-бірлеріңізге алғыс айта білуге үйрететін шағын рәсімге қатысуларыңызды ұсынамын. Ойын былайша өтеді: біреулеріңіз ортаға тұрасыздар да, екінші біреулеріңіз келіп, ортадағы оқушының қолын қысып «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтасыздар, сосын оның қолын ұстаған күйі қасында қаласыз. Үшінші оқушы келіп, бірінші немесе екінші оқушының қолын алып: «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтады да тағы да сол жерде қалады. Осылайша, шеңбердің ортасындағы топ үнемі өсе береді. Барлығы бір-бірінің қолынан ұстайды. Ортадағы топқа соңғы оқушы келіп қосылған кезде шеңбер жабылып, өзара ұстап тұрған қолдарын үндемей үш рет қысады. Осылайша сабақ аяқталады. Мұғалім де мүмкіндік болса, шеңбердің ортасында қалуға тырысады.


3 сабақ.


Мақсаты: бірінші сынып оқушыларын мектеп өмірі ережелерімен таныстыру. Ынтымақтастық дағдыларын, бір-біріне деген сенімді қатынастарын, ұжымының ұйымшылдығындамыту.
Сабақ барысы
"Рөлдік гимнастика".
Мақсаты: топтың одан әрі жұмыс істеу үшін қыздырып алу
Балалар ым мен ишараттар көмегімен түрлі жануарларды: қасқыр, қоян, түлкі, аю және т. б.кезек-кезек бейнелейді

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет