1-сабақ. Мақсаты: Топта психологиялық жайлылық атмосферасын құру.
Шиеленістің алдын-алу.
Сабақ барысы Жаттығу: "Сәлем!" Мақсаты: топтың барлық қатысушыларын жұмысқа тарту, таныстыру.
Жаттығулар барысы: Топ шеңбер құрып отырады. Доп немесе қандай да бір жұмсақ ойыншық пайдаланылады. Кейбір жағдайларда жұмырлана домалақталған шарфты пайдалануға болады. Мұғалім көзқарасымен бірінің бірінші сынып оқушыларының біріне тоқтала қарап, оған: "Сәлем! Сенің атың кім?"- деп допты лақтырады. Бұдан әрі ол: " Топтан кез-келген, кім саған қызықты, бір оқушыны көзіңмен таңдап, оған қарап тұрып, допты лақтыр, амандаса отырып, оның аты кім екенін сұра" деп нұсқаулық береді.
Доп лақтырулардың арасында мұғалім: "Кімге әлі доп лақтырылған жоқ, соған лақтыруға тырысыңыздар» деп нұсқаулықты нақтылайды.
Жаттығу: "Жақсы жаңалықтар эстафетасы "
Мақсаты: топта психологиялық жайлылық атмосферасын құру.
Барысы жаттығулар: Мұғалім: -сіздер кеше(осы аптада), өздеріңізбен болған жағымды бір оқиғалар жөнінде айтып бересіздер. Оның үстіне, сіз айтып жатқанда, доп немесе жұмсақ ойыншық сіздің қолыңызда болуы керек. Сіз айтып болған соң, жағымды жаңалықтар эстафетасын, яғни допты көршіңізге бересіз, осылайша доп шеңбер бойынша айналып шығады.
Жаттығу:«Өз құйрығын тістеген айдаһар» Мақсаты: ыңғайсыздық пен шиеленісті шешу.
Жаттығуларбарысы: Балалар біртізбекке тізбектеліп тұрады. Бір-бірінің белдерінен ұстайды. Жетекшікім "басы", ал кім "құйрығы" болатындығын көрсетеді. "Құйрықтың" міндеті "басқа" ұстатпай қашу, бірақ тізбекті үзбеу. Ойын әуен астында өтеді. 2 минуттан кейін басы мен құйрығы өзара алмасады.
Жаттығу:"Менің күлкілі портретім" Мақсаты:танысу, жұмысқа тарту.
Жаттығу барысы:Мұғалім: "Ал қазір мен әркімге өз автопортретін салуын ұсынамын". Біздің сабақтарда сіз сурет салуды өзіңізге қалай үйреншікті, сол әдіспен саласыз, түрлі-түсті қарындаштар немесе фломастерлер арқылы салуыңызға болады". Оқушылар әуен астында сурет салады.
Аяқталғаннан кейін мұғалім әр оқушының суреттері бойынша презентация ұйымдастырады. Мұғалім: "Біздің суреттер дайын. Кел оларды бір-бірімізге көрсетейік". Балалар өздерінің автопортреттерін бір-біріне көрсетеді және тақтаға іледі.