Сабақ "Кел, танысайық"


Жаттығу:"Көңіл-күй неге ұқсайды?"



бет4/5
Дата22.06.2023
өлшемі349,13 Kb.
#103115
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 сынып бағдарлама — копия

Жаттығу:"Көңіл-күй неге ұқсайды?"

Мақсаты:Оқушылардың эмоционалдық жай-күйін анықтау.

Жаттығу барысы. Ойынға қатысушылар олардың бүгінгі көңіл-күйінің қандай табиғи құбылыс немесе ауа райына ұқсайтындығын кезек-кезек айтады. Салыстыруды ересектердің бірінің бастағаны жақсы: "Менің көңіл-күйім байыпты көгілдір аспандағы ақ мамық бұлттарға ұқсас, ал сенің?"


Ойын шеңберде өткізіледі. Ересек біреу барлық топтың дәл бүгінгі көңіл-күйі қандай екенін қорытады: мұңды, көңілді, күлкілі, ашулы және т. б. Балалардың жауаптарын интерпретациялау кезінде, естеріңізде болсын, жаман ауа райы, суық, жаңбыр,бұлыңғыр аспан, агрессивті элементтер эмоционалдыққиыншылықтардың бар екенінкуәландырады.


Жаттығу"Оқушы болған қалай екен".
Мақсаты: оқушы мәртебесін сезіну.
Жаттығубарысы. Психолог сұрақтарға жауап беруді ұсынады:
- Сіз – оқушысыз. Бұл не деген сөз?
- Оқушылар өздерін қалай ұстауы керек?
Тақтада әртүрлі жағдайларға байланысты суреттер ілінеді. Оқушылар әдебіне жат қылықтарды тауып, тақтадан алып тастау керек.


Төбелес «5» алу Мұғалімнің тапсырмасын
орындау




Сабақ үстінде ойнау Жаңа киіммен Ұлдармен достасу
мақтану


«Мектепке дейін – оқушы» тақырыбында сурет салу.
Мақсаты: "Мектепке дейінгі" және "оқушы"позицияларының
Айырмашылықтарын түсіну.
Жаттығу барысы. Балаларға екі сурет салу ұсынылады: "Мен мектепке дейінгі кезеңдемін", "Мен — оқушымын" ("Бірден қайсысы қай тақырыптағы сурет екенін анықтауға болатындай қылып салады, бірақ ешкімге айтпайды"). Уақыт шектеледі (20-25 минут). Сурет салу барысында, жетекші қанша уақыт қалғанын үнемі еске салып отырады. Кез-келген оқушы өзінің не салғаны туралы айтып беруіне болады. «Біз енді оқушымыз» деген тақырыпта суреттер көрмесі ұйымдастырылады.
Сонымен, бүгін біз мектепке не үшін баратындығын білдік, көп жаңаны үйрену, білу үшін барады екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет