Сабақ кестесі бойынша Офис-сағаттары ( оқытушының бекітілген жеке кестесі бойынша ): күнделікті 00-18. 00 Zoom идентификатор 6466905027; Пароль 1980 Қызылорда 2022 ж. Силлабус «Педагогикалық ғылымдар»


Лекция 1 . Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде



бет22/64
Дата15.12.2023
өлшемі435,67 Kb.
#138722
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   64
Байланысты:
a.m.omirzakova umkd ped 6 kredit (2) (1)pp-pmno (2)

Лекция 1 . Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде.
1.Педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы.
2.Педагогиканың обьектісі, пәні қызметі және міндеттері.
3. Педагогиканың негізгі категориялары және басқа ғылымдармен байланысы.
4. Педагогикалық ғылымдар жүйесі.
1. Педагогика – тәрбие және білім берудің негіздері туралы пән. Педагогиканың ең басты міндеті – адам тәрбиелеу туралы туралы танымдық білім жүйесінде қол жеткен ұстанымды ғылыми тұрғыдан саралап, оның практикалық жолдары туралы бағдар нұсқау. Педагогика пәнінің негізі – тәлім-тәрбиелік іс-әрекет пен педагогикалық жүйе. Тұлғаның сапалық қасиеттерінің қалыптасуына әсер етуге бағытталған өзара бір-бірімен байланысты әрекет құралдары мен әдістері және тиісті процестегі ықпалдастығының көздеген мақсатқа орай ұйымдастырылуы – педагогикалық жүйе болып табылады. Педагогика ғылымында бір-бірімен тығыз байланысты педагогикалық жүйеде алты құрылым бар. Олар мыналар: 1.Оқушылар; 2.Тәлім-тәрбиелік мақсат; 3.Оқыту; 4.Тәрбиелік мазмұн; 5.Дидактикалық процесс; 6. Мұғалім. Педагогикалық жүйенің бағдарлық негізі қоғамның мақсатына, білім-тәрбие беретін мекеменің мүддесіне, оқытылатын пәннің талабына үйлесімді құрылады.
Тәрбие - әрбір болашақ ұрпақтың қоғамдағы өз орнын табуы үшін өткен ұрпақтардың жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру. Адамзат қоғамының дамуына қарай, тәрбиенің мазмұны мен әлеуметтік маңызы арта түседі. Еңбек түрінің жіктелуіне қарай, “тәрбиенің” қызметін жүзеге асырумен байланысты, онан кәсіби іс-әрекет бөлініп шықты. Өсіп келе жатқан балаларға әлеуметтік тәжірибені меңгерту үшін, оларды тәрбиелейтін тәрбиеші, мұғалім керек болды.
Педагогика категорияларының құрамы: тәрбие, педагогикалық процесс, білім беру, оқыту, әлеуметтендіру, тұлға, іс-әрекет, даму, қалыптастыру, т.с.с. жалпы ғылыми ұғымдар кіреді, олар алдыңғы тарауларда қарастырылады.
Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогика ғылымының алатын орны, оның басты ерекшеліктері. Педагогика - білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретінде, педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді жинақтап, жүйеге келтіреді, педагогикалық шындықтың тәжірибесін зерттейді. Сондықтан осы аталған ғылыми-зерттеулер практикалық бағытта да жүзеге асырылады.
Педагогика гуманитарлық білімдер жүйесімен тығыз байланыста дамиды. Педагогика - адам туралы ғылымдар жүйесінің құрамына енуіне қарай, педагогикалық мақсаттылық пен тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін, педагогикалық басшылықты зерттейтін бірден бір ғылыми пән болып саналады.
Педагогика ғылымдарының даму мүмкіндіктерінің маңыздылығы, олардың медицинамен байланыстылығында, себебі педагогикалық шындықтың бірқатар құбылыстарын (тәртіпсіздік, жалқаулық, еріксіздік, олақтық) балалардың денсаулығын зерттеу барысында ғана түсіндіруге мүмкін болады. Сонымен бірге созылмалы дертке шалдыққан балалар үшін, арнаулы оқыту және тәрбиелеу жүйесі қажет. Мұндай мәселелерді кешенді зерттеулер арқылы ғана шешуге болады.
Бүгінгі философия ғылымының педагогика үшін әдіснамалық маңызы ерекше. Педагогика жеке пән ретінде философия және оның салалары – білім беру фиолософиясы, ғылымдар философиясы, тәрбие философиясы, мәдениет философиясының жетістіктеріне сай терең мәндегі ұғым нәтижесінде шешімін табады.
Педагогика ғылымының байланыстары, белгілі бір мәселелерді зерттеу барысында басқа ғылым салаларына да (тарихқа, этнология, этнография, құқық, экономика, демография, экологияға және т.б.) таралады.
Педагогика пәнінің құрылымдық жүйесі бірнеше салаға бөлінеді. Олардың негізгілері: педагогика тарихы – тәлім-тәрбие мен білім берудің теориялық және практикалық жолдарының қай кезде қандай дәрежеде болғандығын, оның өрістеуіне ықпал еткен жеке тұлғалар және олардан мұра болып қалған еңбектер мен даналық тәжірибелердің ежелгі дәуірден бастап күні бүгінге дейінгі кезеңдерін зерттейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет