Сабақ кестесі бойынша Офис-сағаттары ( оқытушының бекітілген жеке кестесі бойынша ): күнделікті 00-18. 00 Zoom идентификатор 6466905027; Пароль 1980 Қызылорда 2022 ж. Силлабус «Педагогикалық ғылымдар»


Лекция 6. Ғылыми дүниетаным оқушылардың интеллектуалды дамуының негізі



бет25/64
Дата15.12.2023
өлшемі435,67 Kb.
#138722
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   64
Байланысты:
a.m.omirzakova umkd ped 6 kredit (2) (1)pp-pmno (2)

Лекция 6. Ғылыми дүниетаным оқушылардың интеллектуалды дамуының негізі.
6.1. Оқушылардың дүниетанымының мәні мен қызметтері.
6.2.Дүниетанымның құрылымы, түрлері, оны қалыптастырудың әдіснамалық негіздері.
6.3.Оқушылар дүниетанымын қалыптастырудың құралдары: оқыту мен тәрбиенің мазмұны, формасы, әдістері, пәнаралық байланыс, іс-әрекет түрлеріне қатыстыру, отбасы мен метептің өзара ынтымақтастығы.
Негізгі ұғымдар: дүниетаным, дүниеге көзқарас, әлеуметтік орта, әлеуметтену, жеке тұлғаны дербестендіру.
Ғылыми дүниетаным қоғамдық сананың ең жоғары формасы. Ғылыми дүниетаным әлемге деген ғылыми, философиялық, адамгершілік, эстетикалық көзқарастар жүйесі. Оқушылардың дүниетанымының мәні мен қызметтері. Дүниетанымның құрылымы: білім, көзқарастар, сенім, идеалдар, өмірлік ұстаным. Тұлғаның іс-әрекеті – оның дүниетанымының көрінуі. Дүниетанымның түрлері.
Дүниетанымды қалыптастырудың әдіснамалық негіздері. Жеке тұлғаның құндылық бағдары, оның зияткерлік дамуы – оқушылар дүниетанымының қалыптасу көрсеткіші.
Тұлға дүниетанымын қалыптастыру жолдары және құралдары. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру құралдары: оқыту мен тәрбиенің мазмұны, формасы, әдістері, пәнаралық байланыс, оқушыларды әр алуан іс-әрекет түрлеріне қатыстыру; отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігі, БПҮ жобалау және т.б.
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың қазіргі мәселелері. Жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымын қалыптастырудағы мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігінің маңызы.


Лекция 7. Тәрбиенің әдістері.
7.1. Тәрбие әдістері туралы түсінік және олардың психологиялық негіздері.
7.2. Тәрбие әдістеріннің жіктелуі.
7.3. Тәрбие әдістерін қолданудың педагогикалық шарттары, оқушы тәрбиелілігінің диагностикасы.
Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің өте күрделі компоненті. Себебі, тәрбие әдістері қазіргі қоғамның түбегейлі өзгеру жағдайындағы сан – салалы өмір талаптарына байланысты болуы тиіс. Сонымен қатар тәрбие әдістері жан – жақты тәрбиенің мақсатына, принциптеріне, тәрбие жұмысының мазмұнына сай анықталады.
Тәрбие әдістерінің жіктелуі. Тәрбие әдістерін топтастыру, жүйелеу, жіктеу, бөлу өте күрделі мәселе. Әр әдістің өзіндік ерекшелігі болады. Осыған байланысты педагогикада тәрбие әдісінің заңдылығы мен мәнін ашатын көлемді ғылыми қор жинақталған. Тәрбие әдісін жинақтау не үшін қажет. Ол тәрбие әдісін:жалпы және жеке;негізгі және кездейсоқ;теориялық және тәжірибелік ерекшеліктерін айқындауға, бөліп қарауға көмектеседі;мақсатты түрде әрбір тәрбие әдісін тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды;әрбір тәрбие әдісінің өзіне тән белгісін және оның ерекшелігін, міндетін оның бір – бірімен байланысын айқындай түседі.
Педагогика ғылыми зерттеушілердің еңбектерінде тәрбие әдісі түрліше топтастырылады. Ғалым педагогтер Н.И.Болдырев, Н.К.Гончаров, Ф.Ф.Королев т.б. тәрбие әдісін классификациялауда сендіру, жаттығу, мадақтау және жазалау әдістерін жеке бөліп қарастырады. Ал, Т.А.Ильина, И.Т.Огородников т.б. тәрбие әдісін топтастыруда сендіру әдісімен қатар оқушылардың іс - әрекетін ұйымдастыру әдісін және олардың мінез – құлықтарын ынталандыру әдістерін қоса қалыптастырады. Г.И.Шукина өзінің оқулығында тәрбие әдістерін қазіргі теориялық негіздерге сүйеніп талдау жасайды. Ю.К.Бабанский,
Педагогика теориясында тәрбие әдістерінің методологиялық және теориялық негізі ретінде адамның қоғамдық мәні мәселесі және жеке адамның қалыптасуында іс - әрекеттің ролі туралы ілімнің қағидалары алынған. Бала жеке адам тек іс - әрекет үстінде ғана қалыптасады. Бұл үшін баланың өмірі үнемі іс - әрекет арқылы ұйымдастырылуы керек. Ол іс - әрекет нақтылы мақсатты шешуге бағытталып, қажет болған жағдайда арнайы ситуациялық іс - әрекеттер де ұйымдастырылуы қажет.
Жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістерін қолдануда формализм болмауын еске алу – қазіргі кезеңнің маңызды проблемаларының бірі. Мектеп тәжірибесіне зер салсақ, әдетте тәрбие жұмысының кеңінен жүргізілетін салалары: әңгіме, лекция, жиналыс, пікірталас, еңбек озаттарымен кездесу, экскурсия, кино – видеофильм көру т.б. орын алатыны белгілі. Бұл шараларды өткізудегі бұрыннан келе жатқан басты кемшілік – оқушыларды тек қана тәртіпті отыру және тыңдау талап етілетіндігі. Ал жоғарыда айтып дәлелдегеніміздей, адамның жеке басы тек қана іс - әрекет арқылы қалыптасады деген педагогиканың аксиомасы сендіру әдістерін пайдаланғанда ескерілмейді. Балалар көбіне тәтті сөздің жетегінде қалып қоятынына мән берілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет