Байланысты: a.m.omirzakova umkd ped 6 kredit (2) (1)pp-pmno (2)
Лекция 15. Тақырыбы: Оқушылардың өзіндік ерекшеліктері және оның педагогикалық процесте ескерілуі
1. «Интеллект», «қабілеттілік», «дарындылық», «талант» ұғымдары.
2.Дарынды, талантты балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі.
3.Тәрбиесі қиын балалармен жұмыстың ерекшеліктері.
Интелект – адамның болмысты тануының негізгі нысаны.
Интелект – ақпаратты мақсатты бағытта өңдеуге, реттеуге оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс әрекеті.
Қабілет дегеніміз- әр адамның белгілі бір іс әрекет түріне икемділігін айтады.
Талант – адамның нақты бір істі нәтижелі орындаудағы қабілетінің біршама жағымды қасиеттерінің өзара байланысты түрде үндесуі.
Талантты адам өмірде белгілі бір пайдалы әрекетпен шұғылданады, сол бағытта ірі жетістіктерге жетеді. Соның арқасында оның іс әрекеті өзгелерге өнеге болады, жемісті нәтижелер береді.
Мұғалім оқушының таланты мен дарынын қалай анықтайды?
Бұл ұғымның мазмұндық жағы әртүрлі болуы мүмкін. Балалар бір ғана пәннен немесе бірнеше пәндерден күтілетін нәтижеден жоғары деңгей көрсетуі мүмкін: мәселен, әртістік, спорттық, музыкалық және басқа таланттарымен танылуы ықтимал. Сонымен қатар, олар бір салада, яғни бір пән бойынша дарынды болса, басқа салада яғни басқа пәндерден қиындыққа тап болуы мүмкін; олар дамудың бір кезеңінде-белгілі бір жас арлығында өте қабілетті болса, келесі кезеңдерінде қабілеттерін танытпауы мүмкін. Баланың дарындылығы мен қабілетін мұғалімдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелері немесе балалардың өздері айқындай алады. Баланың қабілетін, біліктілігін, мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында баланың өзі үшін өте қиынға соғуы мүмкін.. Дарынды, талантты балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі..Тәрбиесі қиын балалармен жұмыстың ерекшеліктерінің сипаты мен мәні.
Лекция 16. Тақырыбы: Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің іс –әрекеті
1.«Құндылық», «құндылық қатынас», «салауатты өмір салты» ұғымдары
2. Баланың салауатты өмір салтының негізгі бағыттары.