Лекция 11. Мектептің тәрбие үдерісінде сынып жетекшісінің іс-әрекеті 11.1. Сынып жетекшісінің қызметі. 11.2. Сынып жетекшісінің құқығы мен міндеттері. 11.3. Сынып жекетшісінің кәсіби құзыреттілігі Сыныптың тәрбие жүйесі және оны басқару туралы ұғым. Тәрбие жүйесін құрудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті. Педагогикалық үдеріске қатысушылардың өзара әрекетін үйлестірудегі сынып жетекшісінің рөлі. Сынып жетекші жұмысының мақсаты мен міндеттері. Сынып жетекшісінің қызметін анықтаудың қазіргі жаңа тұрғылары. Оқушыларды педагогикалық қолдау – сынып жеткшісі іс-әрекетінің негізі. Сыныптың тәрбие үдерісін жоспарлау.
Сынып жетекші мен оқушылар ата-анасының ынтымақтастығы. Мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігінің формасы. Ата-аналар жиналысы – сынып жетекшісімен ата-ананың өзара әрекеттестігінің негізгі формасы. Ата-аналар жиналысын ұйымдастыру және өткізу технологиясы. Оқушының тәрбиелілігінің диагностикасы мен болжауы. Сынып ұжымында этникааралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру бойынша сынып жетекшісінің іс-әрекеті.
Сынып жетекшісінің қосымша білім беру ұйымдарымен, ата-анаға қамқорлық кеңестерімен және басқа да қоғамдық ұйымдармен іс-әрекетінің интеграциясы. Тәрбие үдерісіне ақпараттық қолдау көрсету. АКТ (ақпараттық коммуникациялық технологияны) тәрбиелік іс-әрекетті оңтайландыру үшін пайдалану. Сынып жетекшісінің кәсіби құзыреттілігі.
Лекция 12. Тақырыбы : Мектепте тәрбие жұмысын жоспарлау.
1.Жоспарлаудың мақсаты мен қызметі және оған қойылатын талаптар.
2. Тәрбие жұмыстарын жоспарлаудың формалары, әдістері мен тәсілдері.
3. Тәрбие жұмысын жоспарлаудың әдістемесі.
Жоспарлаудың мақсаты мен қызметі және оған қойылатын талаптар.
Жоспардың мақсаттылығы, яғни жоспарланған жұмыстың мазмұны мен түрінің нақты мақсаттары мен міндеттерінің жүзеге асырылуын қарастырады;
Жоспар баланың қызығушылығы мен талаптарын жүзеге асыруға, олардың дамуына бағытталған. Жоспарлауда оқушылар мен ата-аналардың ұсыныстары зерденленеді;
Жоспар – педагогтың, оқушылардың, ата-аналардың бірлескен шығармашылығының нәтижесі;
Жұмыс жоспары оқушылардың сабақта, сабақтан тыс алған білімдерін тәжірибеде қаншалықты қолданатынын, еліміздегі негізгі оқиғалардың ұжым өміріне қаншалықты әсер ететінін көрсетеді; Жоспардың кешенді түрінің бағыты, жұмыстың әртүрлі мазмұны мен түрі балалардың қызығушылығы мен қабілетінің дамуына бағытталған, оқушылардың әрекеттің әртүріне қатыстырылуы, оқушылардың сана – сезіміне, тәртібіне тұтастай ықпал ету;
Жоспар оқушылардың жоспарланған жұмыста әрекеттің әртүрлі түрлерін, әдіс – тәсілдерін, өз бағыттарын таңдауға жағдай тудыруды қарастырады;
Тәжірибе көрсеткендей, оқушылар ұжымында тәрбие жұмыстарының мынандай жоспарлары құрастырылады:
Оқушылар ұжымының тоқсанға немесе айға, не жартыжылдыққа арналған тәрбие жұмыстарының күнтізбелік жоспары;
келешекті жоспар; мектеп жұмысының жылдық жоспарының бөлімі «Оқушылар ұжымымен сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар» (негізгі құжат, яғни барлық оқушылар ұйымының, атап айтқанда: үйірмелер, секциялар, клубтар, қоғам кеңестер басшылық етуі);
оқушыларды тәрбиелеу жөніндегі сұрақтарына байланысты мұғалімдермен әдістемелік жұмыс жоспары;
тәрбие жұмысының қорытындысын және ұйымдастыруды бақылау жоспары;
клубтың, штабтың, кеңестердің, мұражайдың және басқа мектеп бірлестігінің жоспарлары;
дайындық жоспары және жалпы мектеп ісін өткізу жоспары; сынып ұжымында барлығы құралып отырады. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспары (тоқсанда, жартыжылдықта, жылына), оқушылар ұжымының жоспары.
Мектептегі тәрбие жұмысының ұйымдастыруын жоспарлау
Педагогтың кез келген жоспарының жалпы алгоритімін келесі бейнелерден көруге болады:
Жоспарлаудың пәнін (барлық іс-әрекетін, қандайда бір бағытын, нақты ісін) анықтау;
Мезгілдік кезеңді анықтау (жыл, тоқсан, айы);
Жоспарлау пәнінің құрылымы (іс- әрекетін түрлерін немесе бағытын бөлу, тақырыптың блокты және мағыналығын қарау, сонымен қатар белгілі бір бейнені жоспарлау, оның ішінен керектісін және шынайысын таңдап алу);
Жағдайына қарай нәтижені талдау;
Жинақталған тәжірибе нәтижесін талдау;
Мақсаттың толықтырылуын (не үшін, немен жұмыс істеу, қортындыны не істеу керектігін еске алу);
Ұжымдық жоспарлау барлық тапсырмалар, кім осы жұмысты жоспарлауға қатысады;
Алдына қойған мақсатына жету, міндеттерді шешу, нәтиженің бағасын талдау;
Оқиғаны уақытына қарай кезеңге бөлу. Оқиға мен істің тізілуін күйіне, кезеңіне, бөліміне қарай бөлінеді, сол уақыттың кезеңіне қарай жоспарланады.