Байланысты: a.m.omirzakova umkd ped 6 kredit (2) (1)pp-pmno (2)
Лекция 10. Тақырыбы: «Тәрбиелік жүйе» ұғымы.
1.«Тәрбиелік жүйе» ұғымы, мәні, құрылымы, және оның құрылу кезеңдері, негізгі компонентеріне сипаттама.
2. Тәрбиелік жүйе:
3. Мектеп тәрбиелік жүйесі.
4.Қазіргі мектептің тәрбие үдерісіндегі педагогикалық қолдау
5.Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері
1.«Тәрбиелік жүйе» ұғымы, мәні, құрылымы, және оның құрылу кезеңдері, негізгі компонентеріне сипаттама.
Мектептің тәрбиелік жүйесінің негізгі қызметтері:
Кіріктіруші;
Реттеуші;
Дамытушы;
Кіріктіруші қызметі бұрын бөлек-салақ, стихиялы сипаттағы келісілмеген тәрбиелік ықпалдарды біртұтас етіп біріктіруге қол жеткізеді. Реттеуші қызметі педагогикалық үрдістерді реттеугу, оларды басқаруға бағытталады. Дамытушы қызметі бір шетінен оның қызмет етуін оңтайландырудағы екінші жағында дамуында, жаңаруында, жетілдіруіндегі жуйе динамикасын қамтамасыз етеді.
Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға.Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды,сонымен бірге оларды тәрбиелейді.Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесші болып саналады. Сондықтан да ол қиын әрі жауапты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізігі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады. Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға өте қажет.Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол – сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады.Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардың демалысына қатысты мәселелері,алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл –күй жағдайлары жүзеге асырылады.
Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйелерінің өзара байланысы
«Тәрбиелік жүйе» ұғымы. Мектептің тәрбиелік жүйесі – мектептің тұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылымы және баланың әлеуметтенуі мен дамуының мақсатқа бағытталған факторы. Мектептің тәрбиелік жүйесінің негізгі компоненттерінің мәні, құрылымы, сипаттамасы жәнеолардың өзара әрекеттестігі. Тәрбиелік құрылу және даму кезеңдері мен әдістемесі, бағалау өлшемдері. Тәрбиелік жүйе – тәрбиенің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттестігі үдерісінде туындайтын және ұжымның өмір салты, оның психологиялық климаты сияқты интегративті меңгерген тұтас әлеуметтік ағза ретінде өзінің негізгі қызметі – тәрбиелеуге қатысты ретке келтірілген әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық ашық жүйенің компоненті. Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйелерінің өзара байланысты.Педагогикада жинақталған тәрбиелік жүйелер: И.П.Ивановтың тәрбиелік жүйесі, А.С.Макаренко, Л.И.Новикова, В.А.Караковский, Н.Е.Шуркованың тәрбиелік жүйелері, олардың сипаттамасы. В.А.Сухомлинский бойынша мектептің тәрбиелік жүйесінің ерекшеліктері. Қазақстан мектептеріндегі тәрбиелік жүйе. Отандық ғалымдардың тәрбиелік жүйені анықтауға арналған зерттеулері.Мектептің тәрбие жүйесінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы көптеген объективтік және субъективтік факторлардың ықпалымен. жүретін ұзақ мерзімді және күрделі процесс болып табылады. Сонымен қатар ол оқу орнының қызметі мен айналадағы әлеуметгік ортаға мәнді өзгерістер ендіреді. Оның нәтижесі көп жағдайда мектеп өмірінде нені, қалай, қашан өзгерту қажеттігін анықтай білуге байланысты. Қателеспес үшін, ең алдымен оқу орнының бүгінгі жағдайы мен келешектегі бейнесін нақты елестете болжай білу өте маңызды.
Мектептің тәрбие жүйесінің дәл бүгінгі таңдағы және келешектегі бейнесінің үлгісін жасау оның қалыптасуы мен дамуы жағдайында қажет болып табылады.
Үлгі ретінде, философ В.А.Штоффтың пайымдауынша, зерттеу объектісінің бейнесі мен елесін таныта отырып, оны алмастыра алатын, яғни оның зерттелуі сол объекті туралы жаңа ақпарат беретін ойша көрініспен материалдық тұрғыда бұрын қолданылған жүйені түсінуіміз керек.
Тәрбие жүйесінің үлгісін жасау — бұл жүйелі білім беру үлгісін жасау процесі. Мұны әрі тәрбие жүйесін танып білу тәсілі ретінде де, әрі жүйені басқарудың маңызды компоненті ретінде, яғни келешекте де — оның қызметі мен даму сатыларында да, оның элементтері, байланыстары мен құрылымын өзгеріске ұшырап жатқанда да қажет деп қарастыру керек.
Үлгі жасау процесі кезінде шартты түрде 3 кезеңді бөліп алуға тұра келеді:
I кезең — мектеп бейнесін жасау.
II кезең — оқу орнының тәрбие жүйесінің бір үлгісіне мектептің осы бейнесін ендіру.
III кезең — оқу мекемесінің тәрбие жүйесі үлгісі мен мектеп бейнесін нақтылайтын аздаған өзгерістер ендіріп өңдеу.
Тәрбие жүйесінің үлгісін жасау процесін кезең-кезеңімен қарастырамыз және әр кезеңдегі педагог, оқушы, ата-аналардың бір мақсатқа бағытталған бірлескен тіршілік әрекетінің формалары мен әдістерін анықтаймыз.