«Құндылық», «құндылық қатынас», «салауатты өмір салты» ұғымдары.
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасында денсаулық сақтау саласындағы жағдайды талдай отырып, жалпы саланың күштi жақтары ретiнде денсаулық сақтау саласын дамытудың нақты белгiленген басым бағыттары; денсаулық сақтау саласын мемлекеттiк қаржыландыруды айтарлықтай ұлғайту; ел халқының негiзгi медициналық-демографиялық көрсеткiштерiнiң тұрақтануы мен жақсаруы, оның iшiнде әлеуметтiк мәнi бар аурулар бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуi; денсаулық сақтау объектiлерiнiң қалпына келтiрiлуi және жаңаларының салынуы; емдеу-диагностикалық үдерiске жаңа медициналық технологиялардың енгiзiлуi; ауылдық жерлердiң медициналық ұйымдарында телемедициналық пункттердiң болуы; елдiң барлық өңiрлерiнде филиалдары бар республикалық медициналық ақпараттық-талдау орталығының болуы; халықтың дәрiлiк заттарға қолжетiмдiлiгiнiң жақсаруы алға қойылды және осы тұжырымдаманы іске асыруда іргелі жұмыстар жүргізілді.
Құндылық – Отан, адам, тұлға, өмір, адамдардың бір-біріне мейрімділік қарым-қатынасы, шыншылдық, әділеттілік, білім, ғылым, өнер адамның өмір сүруіне деген материалдық жағдайдың болуы. Құндылықтар – қасиеттер бала кезден, ана сүтімен бірге, өзінің ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады. Жалпыадамзаттық құндылықтар халықтық дәстүрлерде, адамгершілік принциптерде, діни мәдениетте жақсы жазылған және әлеуметтік ойдың озық белгілері, жеке тұлғаның қасиеттері, адамгершілік үлгілері жинақталған күйде, әдептіліктің қоғамда қабылданған үлгісі ретінде көрінеді. Жалпыадамзаттық құндылықтар – түрлі халықтың, түрлі діннің, түрлі дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратын құбылыс.
Жалпы әлемдік құндылықтар – түрлі халықтың, түрлі діннің, түрлі дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратын құбылыс. Сол себепті де ол жалпыадамзаттық деп аталады. ХХ ғасырдың соңында Халықаралық топ алғаш рет дүниежүзілік тарихта адамның құқықтары туралы халықаралық негізге алынатын құжаттар жасады. “Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы”, “Баланың құқықтары туралы конвенция” және т.б., оларда тәрбиенің әдіснамасы мен теориясы, жаңартылған мақсат пен мүдделер қарастырылған. Онда халықтардың рухани құндылықтарын дамытуда жаңа көзқарастарға негізделген халықаралық стандарт болып табылатын жалпыадамзаттық құндылықтар - адамның құқықтары мен бостандығы көрсетілген.
Салауатты өмір салтыадамның өмір сүру салтын мәдени құндылықтары тұрғысынан қамтиды. Денсаулық негізгі құндылық болып табылады. Салауатты өмір салты мәдени - руханиятты қалыптастыруға бағытталған тәрбие, білім кеңістігін құруда басты құндылық болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |