Оқушылардың жеке құжаттары:денсаулығы жайлы толық мәлімет, ата- анасы жайлы мәлімет,отбасы құрамы жайлы мәлімет,мекен жайы туралы, оқушы портфолиосы.
Оқушы тұлғасын зерттеудің психологиялық-педагогикалық картасы:мектеп психологы және әлеуметтік педагогтар зерттеуінен алынған әр оқушыға жеке дара карта.
Ата-аналар жиналысының хаттамалары:міндетті толтырылатын құжат әр жиналыстан кейін.
Оқушылар күнделігі: бақылаудың жақсы тәсілі сабақ үлгерімін.
Тәрбиелік іс-шаралардың жоспарлары, сыныптық педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық зерттеулердің нәтижелері жинақталған папка:тәрбиелік және мерекелік іс – шаралар алдын ала бекітіледі. Сыныптық педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық зерттеулердің нәтижелері мектеп психологында жинақталып тұру қажет.
ПӘН МҰҒАЛІМІНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
Пән мұғалімінің қызметтік міндеттері: кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға, өзінің кәсіптік ар намысымен қадір- қасиетінің қорғалуы.
Кәсіби құзіреттілік:тұлға маманының интергативті сапалар, білім шеберліктері мен дағдылар жүйесін, типтік міндеттер шешу амалдарын талдау.
Коммуникативтік құзіреттілік: адамдармен тиімді қарым қатынасты орната білу және өзін ұстай алу қабілеті.
Құқықтық құзіреттілік:Білім туралы заңның 51-бабында Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігінің негізі көрсетілген.
Педагог қызметкердің:
1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға;
2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;
3) жеке педагогтік қызметке;
4) тиісті білім беру деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары сақталған кезде педагогтік қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға;
5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;
6) ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бір рет біліктілігін арттыруға;
Құқығы: Сонымен қатар құқықпен қатар міндетің қатар жүретін ұмытпағаныңыз жөн, педагог қызметкер:
1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;
2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;
3) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;
4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;
5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;