Сабақ кестесін жасаңыз


Суреттегі мүшенің құрылысын жазыңыздар



бет21/21
Дата12.02.2023
өлшемі0,87 Mb.
#67222
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Суреттегі мүшенің құрылысын жазыңыздар


Бүйрек құрсақ қуысында І-ІІ бел омыртқа тұсында орналасқан жұп безді мүше. Бүйрек құрсақ қуысының артын ала, ішперденің сыртында байламдарға байланып, жоғарғы жақтары бір-біріне шамалы жақын орналасады. Бауыр қысымында болғандықтан, оң бүйрек сол бүйрекке қарағанда жарты омыртқадай төмен орналасады. Бүйректердің артқы беттері көкет етегімен және белдегі шаршы бұлшықеттермен, ал алдынан тоқ ішектің өрлеме және төмендеуші бөліктерімен шектеледі. Бүйректің орны жас және жыныс ерекшеліктеріне байланысты өзгереді. Олар әйелдерде төмендеу, ал жаңа туылған кезде одан да төмен, жамбас сүйегіне тіреліп жатады. Бүйректің ұзындығы – 12см, ені – 6см, қалыңдығы – 4см, салмағы – 120г. Бүйрек сыртынан жұқа, бірақ тығыз талшықты қабықпен қапталады. Екі бүйірімен мен қақпа бойын май ұлпа қаптап, бүйректің майлы қабын құрайды. Ересектерде бйректің беті – тегіс, ал нәрестеде бұдыр болып келеді. Бүйректің жоғарғы және төменгші ұшы, шеткі және ортаңғы жиегі, алдыңғы және артқы беттері болады. Бүйректің шеткі жиегі дөңес, ортаңғы жиегі ойыс болып келеді. Осы ойыс жағын оның қақпасы дейді. Қақпадан артерия, жүйке кіреді, вена, сарысу тамырлары және зәр ағар түтігі шығады. Бүйректі екіге қақ жарғанда оның ішкі қойнауы болады, ал қойнаудың ішінде тостағаншалар мен астаушалардың жоғарғы бөлігі орналасады. Сондай-ақ қойнауды (қақпадан басқа) айналдыра бүйрек заты қоршайды. Бүйрек заты қыртыстан және жұмсақ заттан құралады.
Зәрағар түтік – бүйрек пен қуықты жалғайтын жұп мүше, оның ұзындығы – 30см, ені – 4-7см. Ол бүйрек қақпасынан басталып жамбас қуысында қуықтың артқы қабырғасынан ішке ашылады. Зәрағар түтік құрсақ және жамбас бөліктеріне бөлінеді. Оның құрсақ бөлігі лоханкадан иіліп шыққан жерден жамбасқа дейін шектеледі. Ал жамбас бөлігі жамбас қуысындағы ішперденің астымен қуықтың артқы қабырғасына келіп жетеді. Ол түтіктер қуықтың қабырғасын қиғаштай өтіп, қуықтың ішіне саңылау тесік тәрізденіп ашылады.
Бүйректің құрылысы:
1 – несепағар;
2 – бүйрек венасы;
3 – бүйрек артериясы;
4 – ми қабаты;
5 – қатпарлы қабаты;
6 – астауша;
7 – бүйрек пирамидалары;
8 – бүйректің ірі тостағаншалары.
Бүйрек — Зәр түзе отырып, қаннан шығатын бөлінділерді сүзетін, арқа жотадан төмен орналасқан, асбұршаққа ұқсас үлкен мүше. Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері -қыртысты және ми қабатынан тұратын бүйрек асты бездері орналасқан.Адам бүйрегінің салмағы - 150 г. Бүйрек ұлпасы сыртқы қоңырқай түсті қыртысты қабаттан және ішкі бозғылт түсті ми затынан тұрады.Ми затында ұштары бүйрек астауына бағытталған пирамидалар орналасқан.Бүйректің ішіндегі қуыс бүйрек астауы деп аталады.Бүйректе түзілген несеп жинағыш түтікшелер арқылы астауға келіп, одан зәрағар бойымен қуыққа жиналып,зәр шығару өзегі арқылы сыртқа шығады. Бүйректің ерекшелігі қанмен жақсы қамтамасыз етілуі: бүйрек арқылы тәулігіне 1500-1700 л қан ағады.Бұл дегеніміз - әрбір 5 минут сайын қан тамырлары арқылы айналатын барлық қан бүйрек арқылы өтеді деген сөз.Осы кезде организм ұлпаларында үнемі түзілетін, тіршілік әрекетінің зиянды заттары қаннан бөлінеді.
1. Зәрағар немесе Несепағар (лат. ureter) — бүйрек түбегінен басталып, құрсақ қуысының бел аумағы арқылы жамбас қуысындағы қуыққа дейін созылған түтікше мүше (несепағар деп те аталады). Ол құрсақ қуысындағы қысқа қатпарға ілініп, оның бүйір қабырғасында орналасады. Ал жамбас қуысында несепағар — несеп-жыныс қатпарының құрамында қуықтың жоғарғы қабырғасымен жанасып, оған қиғаштала еніп, 3-5 см-дей аралықта етті және кілегейлі қабықтардың арасымен өтіп барып, қуық қуысына ашылады.
Ересек адамдарда оның диаметрі 6-8 мм, ұзындығы 25-30 см.
2. Бүйрек венасы – бүйректің қыртыс затындағы қылтамырлардан жұлдыз тәрізді венулалар түзіліп, олар жинақтала келе қыртыс пен жұмсақ заттардың арасындағы доғал венаны түзіп, олар бөлшек аралық венаға айналады. Жұмсақ заттағы тік веналарда жинақталып, бір ғана бүйрек венасын түзеді.
Бүйрек венасы бүйрек қақпасынан шығады да төменгі қуысты венаға қосылып кетеді.
3. Бүйрек артериясы - бүйрек артериясы іштік қолқадан басталады. Ол бүйректі қанмен қамтамасыз етеді. Оң бүйрек артериясы сол бүйрек артериясына қарағанда жуандау болады. Бұл артериялардан несепағарға, бүйрек қапшығына тармақтар тарайды. Бүйрек қанды бүйрек артериясынан алады. Бүйрек қақпасынан кІргеннен кейін артерия қантамыры майда артерияларға тармақталады.
4. Ми қабаты – бүйрек беткейі қыртыс заттан, терең қабаттары милы заттан тұрады. Қыртыс зат тұтас болып келеді, ал милы зат пирамида тәрізді ұштары бүйрек астауына бағытталған 10-15 үшбұрышты денелерден құралған. Бүйрекке шартты рефлекстік әсер мидың қыртыс қабатындағы жүйке орталықтарына гипоталамус және гипофиз арқылы беріліп, антидиурездік гормонның бөлінуін өзгертеді.
5. Қатпарлы қабаты - бүйректі сыртынан жұқа талшықты қабат қаптайды. Әсіресе қақпа бойында және артқы бетіне таман бүйрек миының қабаты болады. Майлы қабатының сыртында бүйректің шандыр қабығы (fascia renalis) бар, екі талшықты қабатпен байланысып, екі жапырақша түзіледі. Оның біреуі бүйректің алдында, екінші артына қарай бағытталады. Бүйректің шеткі жиегінде екі жапырақша бір бірімен бірігеді де ішпердің сыртында жалғасады.
6. Астауша – бүйректің ішіндегі қуыс бүйрек астауы деп аталады.Бүйректе түзілген несеп жинағыш түтікшелер арқылы астауға келіп, одан зәрағар бойымен қуыққа жиналып,зәр шығару өзегі арқылы сыртқа шығады.
7. Бүйрек пирамидалары – милы зат ұштары бүйрек астауына бағытталған 10-15 үшбұрышты пирамидалардан құралады. Пирамиданың бүйрек қойнауына ашылатын ұшы бүйрек бүртігін құрайды. Осы бүртіктегі түтіктер арқылы несеп бүйрек қойнауындағы 8 — 9 кіші бүйрек тостағаншаларына құйылады. Екі-үш кіші бүйрек тостағаншалары өзара қосылып, үлкен бүйрек тостағаншаларын түзеді. Олар өзара бірігіп, бүйрек түбегін құрайды. Осы бүйрек түбегі біртіндеп жіңішкеріп, бүйрек қақпасы тұсында несепағарға жалғасып, қуыққа жиналған несеп сыртқа шығарылады.
8.Бүйректің ірі тостағаншалары - екі-үш кіші бүйрек тостағаншалары өзара қосылып, үлкен бүйрек тостағаншаларын түзеді. Олар өзара бірігіп, бүйрек түбегін құрайды. Осы бүйрек түбегі біртіндеп жіңішкеріп, бүйрек қақпасы тұсында несепағарға жалғасып, қуыққа жиналған несеп сыртқа шығарылады. Бүйрек түбегінің қабырғасы суды, тұзды, көмірсуларын өткізеді де, қандағы ақуызды өткізбейді. Несепке белоктың араласуы бүйректің ауруға шалдыққаны. Организмдегі барлық қан бүйрек арқылы сүзіліп, тазарады.
Жасқа байланысты ерекшеліктері:
Бүйрек аурулары қартайған шақтадағы жеке патология отандық нефрологтардың ойлары бойынша егде жастағы және қарт адамдардың өлімдерінің негізгі 4 себебінің бірі болып табылады. Бүйрек ауруларында жасқа байланысты ерекшеліктері бар. Жануарлармен адамдардағы зерттеулері дәлелденгендей жас келе бүйрек ұлпасының қызыметінің төмендеуі адам қартайғанда 1/3-1/2 нефрондарын жоғалтып дәнекер тіндер өсіп жастық нефросклероз түзіледі.
Зәр шығару жүйесінің аурулары:
Осы аурулардың ең жиі себебі қауіпті микроорганизмдердің дамуы мынадай факторлардың нәтижесінде жүреді:
• Метаболикалық бұзылуы.
• Гипотермия.
• Стресстік жағдайлар.
• Таңдамай әрекет жыныстық.
• иммундық жүйенің әлсіреуі.
Көптеген аспектілері зәр шығару жүйесінің ауруларын алдын алу үшін қалай білу қажет етеді. Сонымен қатар, ерлер мен әйелдер осы аурулардың пайда болуына және дамуына бейім мүлдем әр түрлі. балалар, аурудың бұл түрі, сондай-ақ өз сипаттамалары бар.

АУРУДЫҢ ТАРАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ


Қазіргі уақытта, онда зәр шығару жүйесінің байланысты аурулардың үлкен саны болып табылады, бірақ ең көп таралған болып табылады:
Цистит.
Уремия.
мочеточнике туралы Aplasia.
Hydronephrosis.
Қуық тастар.
бүйрек цисталары.
зәр жолдарының инфекциясы.
ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ
Көп жағдайларда, осы аурулар сияқты вирустар, саңырауқұлақтар мен бактериялар сияқты патогенді организмдер әсері қызметін себеп. зәр шығару жолдарының микрофлорасының құрамы аурудың дамуына жол бермеу, микроорганизмдердің бірқатар қамтиды. Бірақ көп ұзамай қолайлы кезең келеді ретінде, содан кейін ауру тудырады, олардың көбею болып табылады.
Нефрон (nephronum, грек, nephros — бүйрек) — бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі. Бүйректі миллиондаған нефрондар (бүйрек өзекшелері) құрайды. Нефрон — бүйрек денешігінен, проқсимальды және дистальды бөлімнен (түзу, ирек өзекшелер) тұрады. Бүйрек денешігі тамырлы және несепті бөліктерден құралған. Тамырлы бөлікті әкелгіш артериола, қылтамырлар (капиллярлар) торы және әкеткіш артериола кұрайды. Бұл бөлікке тазаланудан өтетін артерия қаны ағып келеді. Несепті бөлікті капиллярлар торы шумағын сыртынан қаптап тұратын бүйрек денешігінің қапшығы құрайды. Бүйрек денешігінің қапшығы екі қабат болып жатқан бірқабатты жалпақ эпителийден құралған. Қапшық қуысы проксимальды бөлім өзекшесі қуысымен мойын арқылы жалғасады. Бүйрек денешігінде капиллярлар шумағындағы қаннан, жоғарғы қан қысымының арқасында қан сұйығы қылтамырлар қабырғасы арқылы сүзіліп, бүйрек денешігі қуысына шығып, алғашқы несепке айналады. Алғашқы несеп құрамы жағынан қан плазмасынан айырмашылығы жоқ. Тек, оның құрамында қалыпты жағдайда протеиңдер болмайды. Алғашқы несеп нефрон бөлімдері арқылы ағып өткенде, оның құрамындағы керекті заттар (қант, керекті түздар, су) кері сорылып, керек емес ыдырау өнімдері (аммиак туындылары, улы, бояғыш заттар, дәрі- дәрмектер) несеп құрамына шығарылып, соңғы несепке (зәрге) айналып, нефрондардан құралған жинағыш түтікшелерге шығарылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келе, зәр шығару жүйесіне кіретін мүшелер мыналар: қос бүйрек пен қос несеп ағар (зәр ағар); қуық, несеп жолы (несеп шығатын жол).
Қан тамырлары арқылы тасымалданатын қалдық заттардан бүйректе үнемі зәр түзіледі. Ол зәр несеп ағар арқылы қуыққа жетіп отырады. Қуықта жиналып қалған зәр несеп жолы арқылы сыртқа шығарылады. Тірлік етушілердің зәр шығару түтікшесі (несеп жолы) жыныс мүшесінен бөлінетін заттарды да шығаратын болғандықтан ол мүшені несеп-жыныс түтігі деп те атайды. Ұрғашыларда несеп түтікшесі (несеп жолы) қынаптың аузында (алдыңғы бөлігі — уретра) ашылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет