Көру анализаторының құрылысы бойынша келесі кестені толтырыңыз.
Көру анализаторының құрылысы бойынша келесі кестені толтырыңыз.
№ п/п
|
Көру анализаторы
|
Анатомиялық құрылысы
|
Атқаратын қызметі
|
1.
|
Шеткі
|
Көру анализаторының шеткі бөлімі көз болып табылады. Ол көз алмасынан және қосымша (көмекші) аппараттан тұрады. Көз алмасының ядросы (көз камераларын толтырып тұратын сұйықтық, көз бұршағы және шыны тәрізді дене және үш қабықшасы фиброздық) талшықты немесе белокты тамырлы және торлы болады.
|
Ол көз алмасынан шығып, сопақша миға барып бағытын өзгертеді, содан соң оң көзден шыққан нерв сол жақ ми қыртысының желке тұсындағы көру аймағына, ал сол көзден шыққан көру нерві оң жақ ми қыртысындағы көру аймағына қозуды тасиды.
|
2.
|
Өткізгіш
|
Өткізгіш бөлім торлы қыбықшадан басталады және төрт нейроннан тұрады. Бірінші нейронға таяқшалар мен құтышалар, екіншіге- мультиполярлы нейрондар жатады. Үшінші нейрондар ми сауытының ішінде қосылып (хиазма) жартылай айқасатын көру нервтерін құрайды.
|
Бұл бинокулярлық (екі көзбен бірдей) көруді қамтамасыз етеді.
|
3.
|
Орталық
|
Көру анализаторының қыртыс немесе орталық бөліміне ми қыртысының желке тұсында орналасқан оң және сол жақ көру орталықтары жатады
|
Талдаушылардың орталығы неге Қыртыс бөлімінде тітіркендіргіштердің саны мен сапасына кана қарап талдау жасамай, жоғары дәрежелі биологиялық маңызына қарай талдау мен талқылау жасалады. Бұл үшін жеке басының өмірден алған тәжірибесі қажет.
|
Сонымен Қатар, олардың ортақ, бәріне бірдей қасиеттері де бар:
1. Анализаторлардың рецепторлары өзіне ғана тән тітіркендіргіштердің әсерін қабылдайды. Ондай тітіркендіргіштерді адекватты (лат. Адекватус - теңгерілген, лайықты, сай келетін) титіркендіргіш деп атайды.
2. Анализаторлардың рецепторлары тітіркендіргіштердің күші өзгергенде тітіркендіргіштердің жаңа күшіне тез бейімделеді.
3. Анализаторлар бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Сондықтан бірінің қызмеьі күшейгенде, екіншісінің қызметі төмендейді және керісінше біреуінің қызметі нашарлағанда екіншісінің қызметі күшейеді.
4.Бір анализатордың қызметі бұзылғанда қалғандары оның қызметін жартылай болса да өзіне алады.
5.Анализаторлардың сезімталдығын жаттықтыру арқылы не күшейтіп не төмендетуге болады.
Қосымша құрылымдарға қас, кірпік, кірпік еттері, көз жасының безі мен оның қапшығы, көз еттері жатады. Бұлардың әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады. Қас, кірпік, кірпік еттері нәзік көз алмасын сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен (соққы, түрлі химиялық заттар, су, шаң-тозаң т.б.) қорғайды. Көз бұршағының аккомодациякүші жасына лайық өзгереді: 1 жаста 25 диоптрия, 3 жаста — 20, 5-6 жаста - 15, 7-15 жаста - 12, ересек адамда 10 диоптрияға тең.
Көру гигиенасы.Балаларда ең жиі кездесетін көру кемшілігі жақыннан көру қабілеті. В. Ф. Уткин (1971) мен Э. С. Аветисовтың(1975) зерттеулеріне қарағанда мектеп жасына дейінгі балалардың 1-2%, 7-10 жаста 4,5%, 11-14 жаста 10,5%, 15-18 жаста21,5%, 19-25 жаста 28,7%-нда жақыннан көру қабілеті байқалады. А. А. Сычевтың (1980) зерттеуі бойынша көзге күш көбірек түсетін мектептерде, айталық математика, шет тілі мамандықтарына көп көңіл бөлетін мектептердебұл көз кемшілігі оқушылардың 25%-нда байқалады. Әсіресе балаларды көру гигиенасымен, партада дұрыс отыру ережелерімен таныстырмаған жағдайдабұл кемшілік көбейіп кетеді. Осыған байланысты мұғалімдер өздері де, олардың оқушылары да көру гигиенасын жақсы біліп,бұл кемшіліктің алдын алғаны жөн. Көру гигиенасының талаптары:
Кітапты оқығанда, қағазды жазғанда баланың көзі мен қағаз аралығы 35-40 см болуы тиіс. Ең тиімдісі 37 см; баланың жұмыс орнының жарығы дұрыс қосылуға тиіс. Ең тиімді жарық мөлшері 150-300 люкс шамасында. Жарық баланың сол жағынан немесе үстінен және алдына қарай сол жақтан орналасуы қажет. Жарық сәулелерінің әсері баланың көзіне тура түспеуі керек. Жарық көздерінің сыртында жарық сәулелерін шашатын сәуле сейілдіргіштері, айталық, плафон, абажур, пластинка болуы тиіс.
- Үстелде, партада бала дұрыс отыруы керек;
- Жүріп келе жатқан көлікте кітап оқуға болмайды.
- Теледидар көрсетулерін қарағанда ең кемінде 2,5-3 м қашықта отырған жөн (теледидардың экраны 62 см болағанда).
- Баланың жасына лайық жазу, оқу еңбектерінің, теледидарды қарау ұзақтығын, әсіресе көзге күш түсіретін еңбектің түрлерін, олардың ұзақтығын мұқият қадағалаған жөн.
- Баланың жасына лайық кітап оқу ұзақтығын сақтау:
6-7 жаста - 10 минөт,
7-10 жаста — 15 минөт,
10-12 жаста -20 минөт,
12-15 жаста — 25 минөт,
5-18 жаста - 30 минөт, яғни осы көрсетілген уақыттан соң аз да болса, көзді демалдырып отыру қажет немесе көз талмайтын жұмыс пен айналысқан жөн.
Қорытынды: Жас ұлғайған сайын көз бұршағының серпімділігінің азаюына байланысты аккомодация нашарлайды да алыстан көргіштік қалыптасады. Сондықтаң, барлық гигиеналық талаптарды сақтауымыз керек. Уақыт пен ережені сақтау аса маңызды. Себебі, көз адамға ең бірінші керек ең сезімтал мүше.
Достарыңызбен бөлісу: |