Бауыр- ас қорыту безі. Адамда бауыр - күрделі орган, ол организмдегі зат алмасу процесіне қатысады әрі онда ас қорыту сөлдерінің бірі - өт түзіледі.. Бауыр іш қуысының оң жақ жоғарғы бөлігіне орналасқан. Бауыр қорғаныш қызметін де атқарады, яғни тамақ құрамында болып, ішекте сіңірілген зиянды заттар мен белок алмасуының нәтижесінде түзілетін қанның құрамындағы улы өнімдер бауырда залалсыздандырылады. Бауырдың лимфа түзілудегі, қан ұюын реттеудегі және қанның тұрақты құрамын сақтаудағы маңызы өте зор. Бауырдың витаминдер алмасуында да зор мәні бар.
1) Бауырдың веналық дәнекері- бауырды диафрагмамен байланыстырып, орнықтырады.
2) Диафрагма- бауырдың үстіңгі жағында орналасқан бұлшық еттен тұратын бөлігі. Ол бауырдың бір орында тұруын қамтамасыз етіп бекітеді.
3) Үшбұрышты дәнекер- бауырды диафрагмамен байланыстырып, орнықтырады.
4) Орақ пішінді дәнекер - бауырды және диафрагманы екіге бөліп тұр.
5) Оң үлес- өз ішінен веналар арқылы байланысқан бірнеше бөліктерден тұратын бауырдың үлкен бөлігі.
6) Сол үлес- өз ішінен астыңғы және үстіңгі екі сегменттен тұратын бауыр бөлігі.
7) Бауырдың дөңгелек дәнекері- бауырды диафрагмамен байланыстырып, орнықтырады.
8) Бауырдың астыңғы (алдыңғы) шеті- бауырдың өткір шеті. Оған қарап бауырдың саулығын біле аламыз. Егер бұл бөлік өткір болмай дөңгеленіп келсе онда бауырда ақау барын білуге болады.
9) Өт қабы- ағзадағы өттің жинақтаушысы. Қапшық тәрізді бауыр бөлігі.
Бауыр адам ағзасында өте ерте кезден бастап дамиды. Тіпті ана құрсағындағы сәбидің бауырының бөліктерін анық көруге болады. Жаңа туған нәрестелердің бауырында 75-80 пайыз су болады. Есейе келе бауырдағы тығыз заттардың үлесі артады. 4-5 жаста бауыр құрылымының дамуы толығымен аяқталады. Ерте жастағы балалардың бауыры әлсіз болады және дұрыс күтім болмаған жағдайда бауырдың жеткіліксіз дамуы байқалады.
Бауыр гигиенасын сақтау аса маңызды. Бауырдың қалпына келу қабілеті жоғары болғанымен оған шамадан тыс күш түсіруге болмайды. Бауырдың дұрыс жұмыс жасап сау болуы үшін мынадай ережелерді ұстанған жөн:
-Таза ауыз су ішу
-Алкогольді ішімдіктерден бастарту
-Темекі өнімдерін тұтынбау
Қорытынды
Қорытындылай келе біз бауырдың адам өмірі үшін қаналықты маңызды ағза екенін аңғарамыз. Дүниеге келген сәттен бастап бауыр адамның дамып жетілуі үшін қызмет атқарады. Бауырдың қалпына келу қабілеті де жоғары. Алайда оған күтім жасаған жөн. Тым ауыр жүк түскен жағдайда бауырда қауіпті аурулар пайда болуы мүмкін. Оның алдын алу үшін бауыр гигиенасын сақтап, салауатты өмір салтын ұстанған жөн.
Суреттегі мүшенің құрылысын жазыңыздар