Сабақ кестесін құрастыру жөніндегі Əдістемелік ұсынымдар


Оқудың сабақ кестелеріне қойылатын



Pdf көрінісі
бет6/14
Дата14.05.2023
өлшемі324,56 Kb.
#92907
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
2. Оқудың сабақ кестелеріне қойылатын 
психологиялық-педагогикалық талаптар
2.1. Оқудың сабақ кестесін құрастыру кезінде 
білім алушылардың оқу аптасының әр түрлі күн-
деріндегі ақыл-ой қабілетін ескеру қажет. Педа-
гог-психологтардың пайымдауына сәйкес, білім 
алушы жастардың ақыл-ой қабілетінің деңгейі 
аптаның ортасына қарай өсіп, аптаның басында 
(дүйсенбі) және соңында (жұма) төмен болады. 
Сондықтан бір апта ішіндегі оқу жүктемесі оның 
ең көп көлемі сейсенбіге және (немесе) сәрсен-
біге келетіндей етіп бөлінеді. Осы күндері сабақ 
кестесіне ең қиын модульдер мен пәндер немесе 
қиындығы жағынан орташа және жеңіл модульдер 
мен пәндер енгізіледі, бірақ олардың көлемі ап-
таның қалған күндеріне қарағанда көбірек болуы 
тиіс.
2.2. Үйде дайындалуға көп уақытты талап 
ететін оқу модульдері мен пәндері бір күнге топ-
тастырылмауы тиіс. Жаңа материалды түсіндіруді, 
бақылау жұмыстарын оқу аптасының ортасында 
2-ші және 3-ші сабақта өткізу қажет.
2.3. Оқудың сабақ кестесін құрастыру кезінде 
бөлімшелердің меңгерушілерімен және циклдік 
комиссиялардың төрағаларымен бірлесіп, әрбір 
оқу модулі мен пәннің мазмұнын меңгеру қиын-
дығын ескере отырып, оқу ретін және ауысу ықти-
малдығын анықтау қажет. Осы ретте негізгі оқу 
модульдері мен арнайы пәндерді 2-ші және 3-ші 
сабақтарға жоспарлау қажет. 


18
3. Сабақ кестелерінің түрлері
 3.1. Күндізгі оқу бөлімінде білім алушылар-
дың сабақ кестесі. Күндізгі оқу бөлімінде білім 
алушылардың оқу сабақтары бір семестр ішінде 
біркелкі бөлінеді. Білім алушыларға бір аптада 
түсетін міндетті оқу жүктемесінің ең көп көлемі 
(академиялық сағатпен) Техникалық және кәсіптік 
білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стан-
дартына сәйкес анықталады. Оқу сабақтарын өт-
кізу бірінші басшы бекіткен техникалық және 
кәсіптік білім беретін оқу орнының жұмыс регла-
ментіне сәйкес күндізгі уақытта жоспарланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет