Организмнің аса маңызды қызметтерді атқару күйін бағалау
Организмнің аса маңызды қызметтерді атқару күйін бағалау
Құтқарушы өзін және зардап шегушінің қауіпсіздігін қамтамасыз еткен соң ғана науқастың күйін бағалауға кірісуіне болады
Адамның өмірі тіршілік үшін маңызды қызметтер — ақыл-ес, тыныс алу, қан айналымы сақталуы қарапайым, бірақ едәуір тиімді схема бойынша бағаланады: зардап шегушінің есінен айырылмағанын, оның өзіне айтылған сөзге, дыбысқа жауап беретін-бермейтінін анықтайды
Егер зардап шегуші есінен айырылған болса
Егер зардап шегуші есінен айырылған болса
— оның өзі тыныс алып жатқанына көз жеткізу; көкірек қуысы қозғалыс жасайтын-жасамайтынын, аузы мен мұрнынан шыққан демнің сезілетін-сезілмейтінін, адамның дем алысы естілетін-естілмейтінін анықтау қажет
Егер есінен айырылған және тыныс алмайтын болса
— тыныс алу жолдарының бітеліп қалмағандығын тексеру, өткізгіштігін қамтамасыз ету қажет
Егер зардап шегуші өзіне айтылған сөзге немесе қандай да бір тітіркендіргішке жауап бермесе, тіршілік белгісін көрсетпесе, онда алдын ала тыныс алу жолдарының бітеліп қалмаған-дығына көз жеткізіп, жансақтау іс-шараларына кірісу қажет
Бөтен дене тыныс алу жолдарын бітеп тастайтын жағдай ерекше назар аударуды қажет етеді
Себептері:
тамақтың кесегі
алмалы-салмалы тіс протездері
топырақ пен құм
құсық массасы
су мен балшық (адамды судан алып шыққанда)
Жетерліктей қашықтықта болса, мұның бәрі саусақпен алып тасталады
Адамды тез арада бүйірімен жатқызса, құсық массасы ағып шығады
Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ететін іс-шаралар
Көмейдің тамақ кесегімен бітеліп қалуы — әдетте жиі кездесетін жағдай: адам үрейі ұшып, үстел басынан атып тұрады да, тұншыққан қалпында жанталаса тыныс алуға тырысады, сосын дыбысы шықпаған күйі көгеріп-сазара бастайды да, ес-түссіз құлап түседі
Көмейдің тамақ кесегімен бітеліп қалуы — әдетте жиі кездесетін жағдай: адам үрейі ұшып, үстел басынан атып тұрады да, тұншыққан қалпында жанталаса тыныс алуға тырысады, сосын дыбысы шықпаған күйі көгеріп-сазара бастайды да, ес-түссіз құлап түседі
Тиісті құрал болмағанда, бәрі өте тез аяқталады — адам клиникалық, артынша биологиялық өлімге ұшырайды. Бұл жағдайда ауаның барынша тезірек өкпеге өтуіне мүмкіндік беру керек
Адам әлі де өз аяғында тұрса, оның арқасынан, жауырын аралығының жоғарғы тұсынан бес рет айтарлықтай қатты ұру керек
Бұл көмектеспесе, «абдоминалдық итеру» деп аталатын Геймлих тәсіліне жүгінеді