Зардап шегушілер көп болса, шұғыл қызмет диспетчеріне оған қатысты қандай мәліметті хабарлау қажет?
Болған оқиғаның мән-жайын, зардап шегу-шілер санын, көзбен анықталатын зақымда-лу сипатын, ес-түссіз немесе тітіркендір-гіштерге жауап бермейтін зардап шегуші-лердің бар-жоғын
10-сұрақ (негізгі тақырып)
Егер зардап шегуші есінен
танбаған болса, оның психологиялық күйін жақсарту үшін қандай сөздер айтқан жөн?
Зардап шегушіні сергітіп, дәрігерге дейінгі іс-шаралардың дер кезінде және дұрыс жасалғандығын хабарлау қажет
11-сұрақ (негізгі тақырып)
Тасымалдау кезінде адамға қандай екі маңызды фактор әсер етеді?
Уақыт факторы және науқасқа түсетін қосымша күш әсерінің факторы (зембілге салу, көлікке жеткізу, жол соғуы)
12-сұрақ (негізгі тақырып)
Зардап шегушілер көп болғанда көрсетілетін жәрдем кезінде ең негізгі топ (ІІ) кімдерден тұрады?
Өте қауіпті, бірақ жоюға болатын зақым-дары (ауыр жаралар, қанның тоқтамай, қарқынды түрде кетуі, көкірек қуысы мен іштің зақымдалуы) бар зардап шегушілер
13-сұрақ (негізгі тақырып)
Жаппай зақымдалу жағдайында жәрдем көрсетуде маңыздылығы бойынша екінші (ІІІ) топты кімдер құрайды?
Алғашқы жәрдем көрсетуді аздап кейіндете тұруға болатын зардап шегушілер (өмірге қауіп төндірмейтін, өте ауқымды емес күйігі бар, қаны тоқтаған жаралары бар және т.б.)
1-сұрақ (қосымша тақырып)
Кәсіпорындағы алғашқы жәрдем көрсету мен эвакуация жоспарын жасау міндеті кімге артылады?
Дәрігерді қатыстыра отырып, қауіпсіздік техникасымен қамтамасыз етуші қызметке тапсырылады
Зардап шегушілердің саны, зақымдалудың сипаты мен ауырлығы, ес-түссіз немесе клиникалық өлім күйіндегі зардап шегуші-лердің бар-жоғы, оларды құтқару үшін не істелгені