Егер оқиғаның нақ ортасынан табылып, зардап шегушілер болып жатса, онда ең алдымен жағдайды бағалау қажет
Егер оқиғаның нақ ортасынан табылып, зардап шегушілер болып жатса, онда ең алдымен жағдайды бағалау қажет
1. Зақымдаушы фактордың әсері әлі жалғасуда ма, ол басқалардың, оның ішінде алғашқы жәрдем көрсетіп жатқан адамдардың өміріне қауіп төндіре ме, соны анықтау
Зақымдаушы фактордың әсері тоқтамаған болса, құтқарушы қатерге ұшырамайтын, ал зардап шегушіні зақымдау аймағынан алып шығатын шаралардың бәрін қолдану қажет
Жағдайды бастапқы бағалау. Орындалатын әрекеттердің реті
Мысалы, жол-көлік апаты кезінде құтқарушыға да, зардап шегушіге де автокөліктердің қарқынды қозғалысы қауіп төндіреді (міндетті шарт — көліктің апаттық дабылын қосып, апатты тоқтау белгісін көрсетіп қою керек)

Бөлменің түтіндеуі тез арада желдетуді және зардап шегушіні сыртқа шығаруды қажет етеді
Жарылыс ықтимал болатын жағдайда эпицентрден барынша қашыққа кетуге тырысу қажет
Кейде зардап шегушіні жылжытуды асқан жылдамдықпен жүзеге асыруға тура келеді, бірақ сол жағдайдың өзінде барынша ауыртпайтын тәсілді таңдау маңызды
2. Зардап шегушілердің санын және зақымдалудың
2. Зардап шегушілердің санын және зақымдалудың
болжалды сипатын анықтау
Зардап шегушілердің саны мен зақымдалудың болжалды сипаты туралы мәліметтер алғашқы сәтте-ақ қажет, өйткені жаппай зақымдалу кезінде жәрдем көрсетудің реттілігі — медициналық іріктеу жайлы сұрақ көтеріледі
3. Шақыруды ести алатындардың бәрін көмекке шақыру (байланыстың қолжетімді барлық түрін қолдану
немесе көмекке дауыстап шақыру)
Топпен жұмыс істегенде кез келген іс-шараны жүзеге асыру оңай, ал олардың тиімділігі әлдеқайда жоғары болады. Нақты медициналық іс-әрекетті орындау кезінде көмекшілер қажет болады. Шұғыл қызметтерді барынша жылдам шақыру аса маңызды