Оның денесін екі қолымен белінен қапсыра ұстайды да, қолдарын алдынан қатты қыса ұстайды (бір қолдың жұдырығын түйеді; бас бармақ жағымен жұдырықты іштің орта сызы-ғымен, кіндіктен сәл жоғары жылжытады). Екін-ші қолдың саусақтары бірінші қолдың жұдыры-ғын ұстап, оны зардап шегушінің денесіне қыса түседі (жәрдем көрсетушінің қолы көкірек қуысының төменгі бөлігін қапсырып алмай, тек іш аумағында болуы маңызды, яғни олар гори-зонталды күйде болуға тиіс)
Ішті бірнеше рет (5-ке дейін), бөгде зат көмей-ден ауа ағынымен итеріліп шығатындай етіп, күрт және қатты қысады
Тәсіл зардап шегуші тік тұрған кезде орындалады
Көбінесе көмей толығымен жабылып, бөтен денені шығарудың ешбір мүмкіндігі қалмайды
Алдымен қалқанша шеміршегі түзетін көмейдің шығыңқы тұсын (көмекей жұмыры) тауып алады да, шеміршектің төменгі шетін сипап табады. Қалқанша шеміршегінің астындағы шұңқыршақ конус тәрізді байламның шегіне сәйкес келеді. Одан төменде жүзік тәрізді шеміршек орна-ласқан
Алдымен қалқанша шеміршегі түзетін көмейдің шығыңқы тұсын (көмекей жұмыры) тауып алады да, шеміршектің төменгі шетін сипап табады. Қалқанша шеміршегінің астындағы шұңқыршақ конус тәрізді байламның шегіне сәйкес келеді. Одан төменде жүзік тәрізді шеміршек орна-ласқан
Алдыңғы жағынан мойынның ортаңғы сызығы-нан көрсетілген жерде терінің кішкене көлденең тілігі жасалады, сосын кескіш құралдың ұшымен байламды көмей қуысына дейін кеседі
Сондай жағдайда (тек сондай, ақырғы жағдайда ғана!) өте жылдам, бір секунд та артық ойлан-бастан, пышақ болсын, әйнек сынығы болсын, кез келген кескіш құралмен коникотомия жасалуы қажет
Коникотомия — бұл көмейді тіліп, қарапайым тілде «конус тәрізді байлам» деп аталатын, қалқанша және жүзік тәрізді шеміршектердің аралығындағы жүзік тәрізді-қалқанша байла-мын кесу
Коникотомияға арналған жиынтық
Салыстырмалы түрде жақын арада алғашқы жәрдем көрсетуге арналған құралдар арсеналына коникотомияға арналған бір мәрте пайдаланылатын жиынтық кіреді. Оның құрамында скальпельден басқа, ауа жібергіш, ауа жібергіштің өткізгіші (өткізгішті пайда болған тесікке бірінші енгізеді де, сол арқылы ауа жібергішті түсіреді), бекіткіш жабдықтар бар