— Организмнің аса маңызды қызмет атқару күйін бағалау
— Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ететін іс-шаралар
— Медициналық іріктеу
— Алғашқы жәрдем көрсету бойынша іс-шаралар мен кәсіпорында эвакуация жасау жоспары
Алғашқы жәрдем — оқиғадан кейін зардап шегушінің қасынан табылған адамдардың көмегі. Бұл адамдардың медициналық білімі болмағанымен, олар адамға жәрдем беру үшін дереу қолданылуы қажет машықтарды игеруге тиіс.

Медицина қызметкері келіп жеткенге дейін әрекетсіздікке жол беруге болмайды, өйткені көптеген шектік жағдай, егер еш әрекет жасалмаса, өлімге әкеп соқтырады. Сондықтан алғашқы жәрдемнің негізгі мақсаты — ең ауыр салдарлардың алдын алу
Маңызды принцип — алғашқы жәрдемді көрсету кезінде пайдаланылатын тәсілдердің әмбебаптығы
Егер жәрдемді бірнеше адам көрсетер болса, онда олардың біреуі өз мойнына басшы міндетін алуы тиіс, себебі, құтқарушылардың әрқайсысы өз бетінше жасаған сауатсыз әрекеттер зардап шегушіге зиянын тигізуі мүмкін

Адамды қауіпті аймақтан алып шығу, таңғыш қалақ қою, зембілге салу, зардап шегушіні қолмен көтеріп шығару және т.б. бәрі жақсылап келісілген іс-әрекетті қажет етеді
Зардап шегушінің психологиялық күйі жайында ұмытуға болмайды
Айналадағы адамдар бойға қорқыныш пен шарасыздық ұялататын әрі осы сезімдерді күшейте түсетін дүрбелеңге жол бермеуге тиіс. Адамның көңілін сергітіп, оған дәрігерге дейінгі іс-шаралардың бәрі дер кезінде және дұрыс жүргізілгенін айтудың маңызы зор
Зардап шегушіні тасымалдау — өте жауапты әрі маңызды аспект
Тасымалдау кезінде екі кері фактордың әсері тиеді:
уақыт факторы
науқасқа қосымша әсер ету факторы (зембілге салу, көлікке жеткізу, жол соғу
және т.б.)
Мақсат – осы зиянды әсерлерді барынша азайту
Егер оқиға білікті медициналық жәрдем көрсетуге боларлықтай ірі елді мекеннен қашықта орын алып, сырқаты ауыр адамды емдеу мекемесіне жеткізу үшін нашар жолмен ұзақ жүруге тура келетін болса, мүмкіндігінше санитарлық авиацияны пайдаланған дұрыс
Тасымалдау кезінде зардап шегушіні бақылаусыз қалдыруға болмайды, өйткені оның жай-күйі кез келген сәтте өзгеруі ықтимал
Организмнің ес, тыныс алу және қан айналымы тәрізді аса маңызды қызметтерін бақылап отырған жөн. Қажет жағдайда, тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ететін іс-шаралар орындалып, жансақтау шараларына кірісу керек