Электр тогымен зақымдалғандарды ерекше қарастыруға болады; рас, бірнеше адамды бір мезгілде өте жоғары кернеулі ток күші соғуының ықтималдылығы аз
Электр жарақаты кезінде бастысы — қан айналымы мен тыныс алуы тоқтай бастаған адамдарға шұғыл жансақтау іс-шарала-рын жасау, өйткені клиникалық өлім күйінен бұл жағдайда шығарып алу жиі ұшырасады
Барлық жарақаттанған адамның ішінде электр тогымен зақымдалған жанның да кездесу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды
Алғашқы жәрдем көрсету бойынша іс-шаралар мен кәсіпорында эвакуация жасау жоспары
Бақытсыз оқиғалар қаупі айтарлықтай үлкен бірқатар өндіріс орны бар. Бұл, ең алдымен, металлургия және химия зауыттары (жоғары температура мен химиялық заттар), мұнай өндірісі (жарақаттар, оның ішінде бас сүйегі-мидың және жұлынның жарақаты, күкіртті сутегімен, күкірт диоксидімен улану), электр таратқыш станциялар (электр тогымен зақымдалу) және т.б.
Барлық қауіпті кәсіпорында жалпы зақымдалу жағдайында зардап шегушілерге алғашқы жәрдем көрсету мен шұғыл іс-шараларды жүргізу жоспары болуы қажет
Бүгінгі күні халықтың алғашқы жәрдем көрсетуге даярлығының жалпы деңгейі төмен. Бұл кемшілік бұрын санитарлық дружиналар деп аталып келген арнайы даярлықты топтарды құру арқылы толықтырылып отыр
Кәсіпорындағы жоспарды техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметі жасайды, бірақ оған міндетті түрде медицина қызмет-керін де қатыстыру қажет, өйткені арнайы білімсіз қандай да бір зақымдаушы фактордың әсер ету нәтижесін дұрыс болжап айту, медициналық материалдардың, эвакуация құралдарының тізімін құру және т.б. мүмкін емес
Кәсіпорындағы жоспарды техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметі жасайды, бірақ оған міндетті түрде медицина қызмет-керін де қатыстыру қажет, өйткені арнайы білімсіз қандай да бір зақымдаушы фактордың әсер ету нәтижесін дұрыс болжап айту, медициналық материалдардың, эвакуация құралдарының тізімін құру және т.б. мүмкін емес
Ақпаратты беру жолы әрқашан ертерек анықталып, оған жауап-ты тұлғалар тағайындалады да, шұғыл байланысқа арналған телефон тізімі жасалады. Қажетті шарттардың бірі — жауапты медицина қызметкерімен, жергілікті жедел жәрдем қызметімен, құтқару қызметімен сенімді байланысты қамтамасыз етіп, ол байланысты (телефон нөмірлері және т.б.) ауық-ауық тексеріп тұру