Сабақ күні тобы Сабақ тақырыбы: Өндірістік оқытудың формасы сабақ. Сабақ түрі: құрастырылған Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата07.01.2022
өлшемі26,26 Kb.
#20495
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
13 сабақ


13 сабақ

күні _______________ тобы ___________
Сабақ тақырыбы: Өндірістік оқытудың формасы – сабақ.
Сабақ түрі: құрастырылған
Сабақтың мақсаты:


  1. Білімділік.Оқушыларға тақырып бойынша түсінік бере отырып, білімдерін белгілі бір деңгейге сай жоғарылатып, одан әрі тереңдетуге бейімдеу

  2. Тәрбиелеу.Оқушыларды кәсіби біліктілікке, эстетикалық талғампаздыққа, еңбекке тәрбиелеу

  3. Дамыту. Әр оқушының өз ой-пікірін дұрыс жеткізуге, ойлау қабілетін одан әрі дамытуға көмектесу


Көрнекті құрал-жабдықтар: плакаттар мен кестелер
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) оқушыларды журнал бойынша тексеру

2) сабаққа дайындықтарын тексеру
ІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

Оқытуды ұйымдастыру формалары. Қазіргі сабақ

 Жоспар:

1. Оқытуды ұйымдастырудың формалары туралы ұғым

2. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы - сабақ

3. Оқыту процесінде сабаққа қойылатын талаптар.

4. Сабақтын құрылымы

Мектептердің даму тарихында оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі формалары пайдаланылады. Оқыту формаларының бірте-бірте өзгеруі мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің, өнеркәсіптің, ауылшаруашылығының және үдемелі ғылыми-техниканың өзгеруіне байланысты болады.

Ертедегі Грецияда оқытудың жеке формасы пайдаланылады. Бұл келесі ғасырға дейін – дворяндар үйелмендерінде сақталды.

Ерте замандағы Вавилонияда, Египетте, Қытайда, Үндістанда оқытудың жеке-топтық формалары шығып дамыды.

Орта ғасырда сабақ бір топ оқушылармен өткізілді. Мектептерде сабақтардың тұрақты кестесі, оқытудың дәл мерзімі болмады, оқушылар мектепке жылдың қай мезгілінде болса да қабылданды.

Мұнан былай қоғамның дамуы білім беру ісіне көтеріңкі талап қойды. Сондықтан оқыту жұмысын ұйымдастырудың тиімді формасы туралы сұрақтар туды. Оқытудың мұндай формасы ХVI ғасырда Ресейдің оңтүстік батысындағы мектептердің (Львов, Луцкая және басқа облыстар) тәжірибесінде пайда болды. Мектептерде құрамы берік, белгілі жастағы оқушыларға сынып ұйымдастырылды, оқу сабақ кестесі бойынша өткізілді, әрбір оқу сабақ деп аталды.

Мектепте сабақтан оқытуды ұйымдастырудың бірнеше формалары бар: оқу саяхаты, семинар сабақтары, практикумдар, факультативтер, консультациялар, үй оқу жұмысы т.б.



Саяхат пәндер бойынша жоспарланып, мектептің жалпы іс жоспарларына кіреді. Саяхатты ұйымдастыру үшін түрлі объектілер пайдаланылады. Оларға музей, көрме, табиғат, өндіріс жатады.

Семинар сабағы – бұл жоғары сыныптарда тарих, әдебиет, жалпы биология т.б. пәндер бойынша өткізіледі. Семинарға қатарынан екі сабақ беріледі, онда 2-3 мәселелер қарастырылады. Оқушылар сабаққа дайындалу үшін әрбір мәселе бойынша материал жинайды, бақылау жасайды, кітапханаға, музейге, көрмеге, архивке барады, құжаттармен танысады, қосымша әдебиеттерді зерттейді.

Семинар сабақтары оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді: зерттелген материалдың мәніне жете түсінеді, өз ойын мазмұндап дәлелдейді. Демек, семинар сабақтары оқушыларды зерттеу жұмысының кейбір элементтерімен таныстырады.



Практикумдар – курс тарауы аяқталғаннан кейін оқушылардың өз бетімен орындайтын лабораториялық жұмысының кешендісі. Лабораториялық жұмыстарды оқушылар топ-топ болып дербес орындайды, эксперименттік есептер шығарады.

Мұғалім оқу бағдарламасының материалдарын және мектептің нақтылы жағдайын есепке алып, практикумдар тақырыбын анықтайды. Оқу жоспарындағы сағаттардың есебінен практикумдарды өткізуге 6-8 лабораториялық сабақтар бөлінеді. Лабораториялық жұмыстар негізінен химия, физика, биология пәндерінен өткізіледі.



Факультативтік сабақтар – оқудың формасы оқушылардың қалауы бойынша жүргізіледі. Негізгі мақсат: оқушылардың ғылыми-теориялық білімін, танымдық ынтасын, шығармашылық қабілетін дамыту. Факультатив оқушыларға кәсіби бағдар беру ісінің тиімді формаларының бірі. Факультатив сабақтары жалпы орта білім беретін мектептің өтпелі базистік оқу жоспарының жылжымалы бөлімінде 5-ші сыныптан бастап өткізіледі. Ал, тереңдете арналған типтік оқу жоспары бойынша 8-ші сыныптан басталады.

Үй оқу жұмысы – бұл жұмыста оқушылардың дербес қасиеті және қабілеті байқалады. Үй тапсырмасы олардың жауапкершілік сезімін тәрбиелейді, қиыншылықтармен күресуге үйретеді. Үй тапсырмасы сабақ кезеңдерінің бірі, білімді іскерлікті және дағдыны бекіту үшін пайдаланылады.

 Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы - сабақ

 ХVII ғасырда сынып – сабақ жүйесі ене бастады. Оның контурын неміс педагогі Штурм, теориялық негізін қалаушы және практикалық технологиясын құрушы Я.А. Коменский болды. Сонымен 1930 жылдан бастап совет мектебінде оқытуды ұйымдастырудың формасы сабақ болды.

Оқыту – білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттері, сондықтан ол екі жақты біртекті процесс, біріншіден, оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлікке, дағдыға үйретеді, екіншіден, оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.

Форма – сыртқы пішін, түр, қалыптасқан белгілі бір тәртіп. Кез келген заттың, процестің формасы оның ішкі мазмұнымен шартталады. Сонымен қатар форманың өзі мазмұнға әсер етеді. Оқыту ұйымдастыру формасы – оқыту процесінің арнайы конструкциясы. Бұл конструкция оқыту процесінің мазмұнымен, әдістерімен, құралдарымен, оқушылардың іс-әрекеттерінің түрлерімен анықталады.

Сабақ – оқушылардың топқа ұйымдасқан, класс (сынып) деп аталатын тұрақты құрамымен, мұғалім басшылығымен жүргізілетін оқу жұмысы. Сабақта оқыту мен тәрбие мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады, оқушылардың ой-өрісі кеңиді, қабілеті дамиды, көзқарасы адамгершілік қасиеттері қалыптасады.

Оқытуды ұйымдастырудың формасы сыныптық-сабақтық жүйесінің ерекшеліктері:

- оқушылардың жас және дайындық деңгейлерінің шамалас болуы;

- әр сынып жылдық оқу жоспары бойынша жұмыс істеу;

- оқыту процесі - бірлескен бір-бірімен жалғасқан сабақ жүйесі;

- әр сабақ бір пәнге ғана арналуы (монизм);

- сабақтың арнайы кесте бойынша өтуі;

- мұғалімнің жетекшілік ролі;

- оқушылардың оқу - танымдық іс - әрекеттерін қалыптастыруда оқушылардың оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың әр түрлі формаларын қолдану.

Әрбір сабақта логикалық, психологиялық, ұйымдастыру бірліктері болуы тиіс.

  Оқыту процесінде сабаққа қойылатын талаптар. Сабақтын құрылымы

 1. Сабақтың дидактикалық мақсатының айқындылығы.

Мақсат дегеніміз – алдын ала жоспарланған іс-әрекет барысында қандай да болса объектінің нәтижесін шығару. Оқыту процесі үш функция атқарады: білімділік, тәрбиелік, дамытушылық.

Сабақта оқу материалының ерекшелігіне сай, проблемалық жағдайларды туғызу танымдық процестің логикасын сақтап, оқу процесінің дамытушылық сипатын қажет ететін пікірмен ой қорытындыларын жасауға үйрету.

Әр сабақтық дидактикалық міндеттер алдын ала ойластырылуы керек және оқу танымдық міндет оқушылардың өз бетімен ізденіп ақыл – ойларын дамытуға үйрету қажет.

1. Балалардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу.

Оқытудың әдістері мен оқу материалдарын қиындау және жеңіл дәрежесін дұрыс айқындау.

2. Сабақтың құрылымын айқындау, мақсат, міндет, әдіс-тәсіл, мазмұнға сәйкестендіру, тиімді пайдалану, уақытты үнемдеу.

3. Сөз бен көрнекілікті үйлестіру, техникалық құралдарды қолдану.

4. Оқушылардың білім деңгейін терең ұғынуын бақылап, есепке алу.

5. Білімнің қоғамдағы дәрежесін көтеру үшін дарынды балаларды аңықтау, бейімділігін, қабілетін дамытуға жағдай жасау.



1.Сабақтың құрылымы.

Сабақтың типіне байланысты сабақтың құрылысы.



Сабақтың типтері.

Құрылымы.

1. Жаңа білімді хабарлау

1.Ұйымдастыру кезеңі

 

2. Мақсат, міндеті.

 

3. Жаңа білімді хабарлау.

 

4. Бекіту.

 

5. Қорытынды.

 

6.Үйге тапсырма.



2. Аралас сабақ.

1. Ұйымдастыру кезеңі

 

2. Мақсат, міндеті

 

3. Үй тапсырмасын сұрау.

 

4. Жаңа сабақты хабарлау.

 

5. Бекіту.

 

6. Қорыту.

 

7. Үйге тапсырма.

 

3. Білімді бекіту, қолдану

және дағды мен іскерлікті

қалыптастыру сабағы.

.


1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Мақсат, міндет.

3. Білімді бекіту,қолдану.

4. Қорытынды

 

4. Бақылау сабағы

1. Ұйымдастыру кезеңі

 

2. Мақсат–міндеттерін анықтау.



3. Бақылау мазмұнымен, тапсырмасымен, оны орындау тәсілдерімен таныстыру.



4. Өздігінен жұмыс.



5. Қорытынды.

 

5. Қорыту және жүйелеу сабағы

1. Ұйымдастыру кезеңі.

 

2. Сабақтың мақсаты, міндеттері.

 

3.Оқу материалын қайталау, жүйелеу және жинақтау.

 

4. Сабақтың қорытындысы




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет