Тақырыбы: Мамандық таңдау – өмірді таңдау
Мақсаты: Білім алушыларға мамандық таңдауда дұрыс жолда болуға, мамандық әлемі мен ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту.
Сабақ көрнекіліктері: интерактивті тақта, слайд, бейнеролик, құрал-жабдықтар
Сабақтың өту барысы: Қайырлы күн, құрметті ұстазда, білім алушылар! Бүгінгі өткелі
Сабақ түрі: сайыс сабақ
Топтарға бөлу отырған «Мамандық таңдау – өмірді таңдау» атты сыныптан тыс шараға қош келіпсіздер!
Білімділер
Зейінділер
Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар мүшесін сайлап алайық.
Атақты ғұлама Әл-Фараби айтқандай:
Ісім оңсын десеңіз
Сол істің маманы болыңыз
Даңқым шықсын десеңіз
Көпшіліктің адамы болыңыз демекші, мамандықтар туралы бейнеролик көрсетіледі.
Маған ұнайтын мамандық... (постер қорғау)
Әріптерден басталатын мамандық жаттығуы (Әріптер жазылады, сол әріптерден басталатын мамандықтардың атауларын барынша көбірек жазу керек)
«Бұл кім?» ойыны (әр топтан білім алушылар шығып қимылмен мамандықты көрсетді, қарсы топ табады)
Әуенді тап
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Әннің сәні болмаса, мәні оятар –деп Абай атамыз айтқандай мамандыққа байланысты әуен ойнатылады, әннің атын тап
Мамандықтарға қатысты бейнероликті тамашалаймыз.
«Кім жылдам?» ойыны. Үстел үстіне әртүрлі мамандық иелеріне байланысты құралдар қойылады, екі жақтың топ басшысы шығып мамандық иесіне қатысты құралдарды жинап, қай мамандыққа тиесілі екендігін түсіндіреді.
Сұрақ-жауап айдары (топтарға сұрақ қойылады, ұтымды жауап берген топқа жоғары баға қойылады)
А) Сенің мамандық таңдауыңа кім әсер етті?
Б) Адамның мамандық таңдауына оның әлеуметтік жағдайы әсер ете ме?
Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті, енді кезекте әділ қазылар мүшесіне сөз береміз, өз шешімдерін шешіп болғанша тобымыздың әншісі Жауғашты Гүлсаяның орындауында «Менің елім» әнін тамашалаймыз!
Қорытынды сөз: Мамандықты дұрыс таңдау –ол өмір сәттілігінің негізі дегендей еліміздің өркендеп, гүлденуіне қосатын мықты маман иесі болыңыздар!