Тақырыбы: Бас аспаз жолында
Мақсаты: Білім алушылар арасында бәсекелестік қабілет туғыза отырып, мамандық игерудегі қабілеттерін тексеру.
Сабақ көрнекіліктері: интерактивті тақта, слайд, құрал-жабдықтар
Сабақ түрі: сайыс сабақ
Топтарға бөлу отырған «Бас аспаз жолында» атты сыныптан тыс шараға қош келіпсіздер!
Аспаз
Кондитер
Ұйымдастырушылық кезең:
Армысыздар құрметті студенттер, қонақтар және қатысушылар!
«Бас аспаз жолында» атты сыныптан тыс іс шарамызға қош келдіңіздер!
Аспаз, аспаз өзіңсің ғасыр адам,
Қанша бейет көрсе де жасымаған,
Шабытыңмен қоса қолдап барлығын,
Кеуде керіп, ешқашан тасымаған-,
алдарыңызда 32 тобы мен 23 тобынан құралған командаларды қарсы алыңыздар!
Сайыс ережесі
І тур Таныстыру (уақыт мөлшері әр топқа 3 минут, жалпы-6 минут) Әр топ өз қатысушыларын таныстырып, арасынан бас аспазды тағайындайды. Жоғары балл -5
ІІ тур Үй жұмысы (уақыт мөлшері әр топқа 2 минут) топқа алдын ала макарон өнімдерінен қол өнер жасап келу тапсырылады. Жасап келген қолөнерлік жұмыстарын әділқазылар алқасына ұсынады.
ІІІ тур Аспаз құпиясы (3 минут) Топтың аспаздары шығып, алдарында тұрған санды таңдайды. Санның артында жасырынып тұрған дәмдеуіштерді ұстап және иіскеу арқылы анықтап, сол дәмдеуіш туралы қосымша ақпарат айту керек. Жоғары балл 5
ІV Жылдам аспаз (2 минут) топ бірігіп жұмыс жасайды. Әр топқа 0,5 кг картоп, 0,5кг сәбіз, 0,5кг пияз беріледі. Оларды жұмысты жылдам орындауымен және шығынның аз болуымен бағаланады. Яғни тез аршылуы бір бағаланады, және шығынға байланысты бір бағаланады. Бұл жерде қатысушылардың шеберлігі байқалады. Жоғары балл жылдамдыққа-5, тиімділікке -5
V Қара жәшік (5 минут) топ ішінен аспаздар қара жәшіктен қағаз алып ішіндегі мақалдың жалғасын табу. Жоғары балл-5
VІ Шеберлік айдары ( 5 минут) қатысушылар 5 минуттың ішінде дайындалатын салат жасап, оны әділқазыларға ұсыну керек. Бұл жерде салаттың дайындалу күрделілігіне және топтың бірізділігіне қатысты баға беріледі. Жоғары балл-5
Дайын болған салаттар ұсынылып, енді әр топ әділқазыларға дайындалу жолымен жасалу жолын түсіндіреді.
Бағалары есептеуге сәл уақыт берейік. Бағалар есептелінеді. Жеңген топты марапаттауға әділ-қазылар алқасына сөз береміз.
ЕМбі қызмет көрсету саласы колледжі
Бекітемін:
Оқу –ісі жөніндегі орынбасары:
___________Ф.С.Баешова
«____»__________2019ж.
СЫНЫПТАН ТЫС ІС-ШАРА
Тақырыбы: «Бас аспаз жолында»
Дайындаған: Аманова Д.Н:
Мамандығы: «Тамақтандыруды ұйымдастыру»
Тобы: 23 және 32
Күні: 21.05.2019ж.
Ембі қаласы 2019 ж
Нан тамақтың атасы.......
----------------------------------------------------------
...... асты аттама
--------------------------------------------------------------
Тату үйдің ............
----------------------------------------------------------------
Сыйласқанның ...........
-------------------------------------------------------------------
Қарны ашқан ..........
----------------------------------------------------------------------
Ат адамның қанаты...........
----------------------------------------------------------------------
Асы бар ..........
------------------------------------------------------------------------
Арпа бидай, ас екен ........
--------------------------------------------------------------------------
Аспаздың қарыны...........
---------------------------------------------------------------------------
Еттің бәрі қазы емес.............
-----------------------------------------------------------------------
Достарыңызбен бөлісу: |