§59. Ертегі, миф кейіпкерлерінің аттары бас әріппен және бірге жазылады: Jelaıaq, Qambarata, Oısylqara, Zeńgibaba, Shekshekata, Shopanata. §60. Құрамында bı, jyraý, ata, ana, batyr, abyz, aqyn, bahadúr, han, seri, sal, datqa, sultan, qajy, sulý, begim, hanym, datqa, abyz, myrza сөздері бар ұлттық-мәдени қоғамдастыққа танымал кісі есімдерінің алдыңғы сыңары бас әріппен, екінші сыңары кіші әріппен бөлек жазылады: Móńke bı, Buqar jyraý, Qorqyt ata, Domalaq ana, Jalańtós batyr, Baıserke abyz, Dýlat aqyn, Ábilǵazy bahadúr, Abylaı han, Aqan seri, Birjan sal, Baızaq datqa, Baraq sultan, Qunanbaı qajy, Baıan sulý, Aısheker hanym, Rabıa begim. §61. Дәстүрлі мәдениетте ерекше орын алған кісі есімдерінің алдында қолданылатын тұрақты эпитеттер бас әріппен жазылады: Úkili Ybyraı, Qyz Jibek, Jaqaıym shekti Jetes bı, Qazdaýysty Qazybek bı, Er Tarǵyn, Qaraqypshaq Qobylandy, Jaıaý Musa, Er Tóstik. §62. Жануарлар мен құстарға қойылған күрделі атаулар бас әріппен және бірге жазылады: Aıtóbel, Qoıankók, Qulager, Bóribasar, Aqtós, Qaratorǵaı.
22-сабақ Өнер жұлдыздары. Жер бедері, аспан денелері атауларының емлесі Байсейтова Күләш (Гүлбаһрам) Жасынқызы 1912-1957 жылдар аралығында өмір сүрген. Байсейітова Күләш Жасынқызы қазақтың әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушы, қоғам қайраткері.Күләштің әншілік өнерге бейімділігін жас кезінен – ақ байқала бастаған. Оның бойындағы қабілеттің ұшталуына ән мен күйге жүйрік әкесі Жасынның да әсері зор болды. Ақтоғайдың түлегі. 1928 жылы Алматы педагогика техникумын бітірді.
Қазақтың тұңғыш драма театрының группасына 1930 ж. қабылданды. Күләш сахна өнерінің қыр – сырына қызыға ден қойып, кешікпей – ақ театрдың белді артистерінің қатарынан көріне бастайды.
Роза Қуанышқызы Рымбаева (28 қазанда 1957 жылы Семей облысы Жаңғызтөбе станциясында туған) — кеңестік және қазақ эстрада әншісі (сопрано), профессор, актриса. Қазақстанның халық әртісі (1986), халықаралық конкурстардың лауреаты. Құрмет және Парасат ордендері мен марапаттың иегері. Қырғызстанның (2000) және Өзбекстанның (1984) еңбек сіңірген әртісі. Көптеген халықаралық конкурстардың гран-при иегері болған Роза Рымбаева 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды. 1977-1979 жылдары «Песня года» фистивалінің финалдарында және КСРО-ның ең үздік ондығы«Звуковая дорожка» хит-парадында (1978 ж. 3-орында Алла Пугачева және София Ротаруданкейін) жоғары орыннан көрініп, үлкен танымалдылыққа ие болды.